Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында урбанистика бойынша республикалық семинар-кеңес өтті

2025 жылғы 15 тамызда Алматы облысы әкімдігінің ғимаратында елордадағы Урбанистика орталығының тәжірибесі негізінде урбанистика саласын дамыту мәселелеріне арналған республикалық семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Семинарға Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мынбаев пен Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев төрағалық етті.

Жиынға облыстық сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жақсылық Ержанов, аудан және қала әкімдерінің саланы қадағалайтын орынбасарлары, сондай-ақ өңірдің сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің басшылары қатысты. Кеңес барысында қатысушылар қала ортасын жоспарлаудың заманауи тәсілдерін, астананың қала құрылысы саласындағы үздік тәжірибесін енгізу, жобалау кезінде цифрлық технологияларды пайдалану және инфрақұрылымдық шешімдердің сапасын арттыру мәселелерін талқылады. Ерекше назар жайлы әрі қауіпсіз қоғамдық кеңістіктер құруға, аумақтарды абаттандыруға және көлік инфрақұрылымын жетілдіруге аударылды.

Қанат Мынбаев урбанистика саласын дамытуға жүйелі көзқарастың маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік органдар, жобалық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығы арасындағы тығыз ынтымақтастықтың қажеттігін айтты. Оның сөзінше, үздік тәжірибелер мен заманауи стандарттарды қолдану елді мекендердің тартымдылығы мен функционалдығын арттырып, азаматтардың өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев өз сөзінде өңірде абаттандыру және қала ортасын жаңғырту бойынша жобалардың белсенді іске асырылып жатқанын атап өтіп, басқа облыстармен және астанамен тәжірибе алмасу аумақтарды дамытуға қосымша серпін беретініне сенім білдірді.

Кеңес қорытындысында қала құрылысы саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, кадрлық әлеуетті дамыту және жобалау мен құрылысқа инновациялық шешімдерді енгізу секілді алдағы жұмыстың негізгі бағыттары айқындалды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz