Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Марат Сұлтанғазиев Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындарымен кездесіп, АӨК-тің ірі нысандарын аралады

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыс сапары аясында Еңбекшіқазақ ауданына барып, тұрғындармен есепті кездесу өткізді. Ашық диалог форматында өткен басқосуда өңірдің дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Жергілікті жұрт жолдарды жөндеу, газдандыру, жастарды жұмыспен қамту және ауыл шаруашылығын дамыту сияқты маңызды тақырыптарды көтерді. Кездесу қорытындысында облыс басшысы тиісті басқармаларға нақты тапсырмалар берді.

Сапар барысында Марат Сұлтанғазиев ауданның агроөнеркәсіп кешеніндегі бірқатар ірі нысандарды аралады. Саймасай ауылында ол «Айдарбаев» шаруа қожалығында түйіршіктелген құрама жем өндіретін заманауи желінің іске қосылуымен танысты. Құны 500 миллион теңге болатын жоба сағатына 3,5 тонна өнім шығаруға қауқарлы. Құрылысы 2024 жылдың қазан айында басталып, бүгінде толық аяқталды. Қажетті құжаттар рәсімделіп жатыр. Кәсіпорын 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.

Сондай-ақ өңір басшысы «Есік жеміс консерві зауыты» ЖШС-ның өндіріс алаңдарын көрді. Жалпы аумағы 1500 гектарды қамтитын шаруашылықта 200 гектар өрік бағы, 1000 гектар қызанақ алқабы және 300 гектар алма бағы бар. Зауыт қоюлатылған томат пастасын, алма және өрік пюресін, мөлдірленген алма шырынын, сондай-ақ консервіленген өнімдер шығарады. Заманауи «Triowin» және «Manzini» қондырғыларының арқасында тәулігіне 900 тоннаға дейін өнім өндіріледі. Мұнда 100 тұрақты және 200 маусымдық қызметкер еңбек етеді.

Қырбалтабай ауылында орналасқан «Агро Балтабай» ЖШС 12 мың басқа арналған ірі қара бордақылау алаңын дамытып отыр. 2021 жылы құрылған кәсіпорында қазір 1500 бас мал бордақылауда, ал 3000 бас мал жайылымда бағылады. Өндіріс мәрмәр және жартылай мәрмәр сиыр етін шығаруға маманданған. Кәсіпорынның иелігінде 10 мың басқа арналған репродукциялық-бордақылау алаңы, 60 бірлік техника және жеткілікті жем-шөп қоры бар. Мұнда 30 тұрақты қызметкер жұмыс істейді.

Облыс әкімі бұл жобалардың жүзеге асуы өңір экономикасына серпін беріп, ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуына айтарлықтай үлес қосып отырғанын атап өтті.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz