2025–2026 оқу жылында Алматы облысының мектептерінде 362 мың оқушы білім алады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 204 балаға көп. Оның ішінде 1-сыныпқа 30 340 оқушы қабылданған, бұл жоспардың 85,5%-ын орындайды.
Барлық оқушыларға жалпы құны 3 млрд теңгеге жуық жаңа оқулықтар дайындалды. Әлеуметтік санаттағы 60 мыңнан астам бала 2,8 млрд теңгеге мектеп формасы және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, 176 мың оқушы тегін ыстық тамақпен, ал шалғай ауылдардағы 35 мың бала мектепке тегін жеткізумен қамтылады.
2025 жылғы түлектердің нәтижелері:
Мектепті аяқтағандар – 17 940;
«Алтын белгі» иегерлері – 1 432;
«Үздік аттестат» алғандар – 1 513;
Мемлекеттік грант иегерлері – 7 681 (барлығының 44%-ы), оның ішінде:
Педагогикалық мамандықтар – 1 440;
Медициналық – 770;
Аграрлық – 543;
Басқа бағыттар – 4 928.
Халықаралық бағдарламалар аясында 37 түлек Қытайдың Шыңжаң университетінде тегін оқиды. Сонымен қатар, облыс әкімі 30 грант бөлді: 17 – медицина, 7 – аграрлық ғылым, 6 – педагогика мамандықтарына.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін 17 заманауи мектептің құрылысы аяқталады. Қазіргі таңда 3 мектептің құрылысы толық біткен:
Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы;
Талғар ауданы, Талдыбұлақ ауылы;
Талғар ауданы, Жаңалық ауылы.
Қалған мектептердің пайдалануға берілу мерзімі:
15 тамызға дейін – 4 мектеп (Еңбекшіқазақ, Талғар аудандары);
30 тамызға дейін – 3 мектеп (Талғар, Іле, Жамбыл аудандары);
15 желтоқсанға дейін – 7 мектеп (Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле, Қарасай аудандары және Алатау қаласы).
Жоба нәтижесінде 11 мектептегі үш ауысымды оқыту жойылады, 5 мектептегі орын тапшылығы шешіледі және бұрын мектебі болмаған 1 елді мекенде білім алу мүмкіндігі пайда болады.





