Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында шалғай ауылдарда өрт қауіпсіздігі күшейтіледі

Алматы облысында республикалық «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында шалғай елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерінің құрылысы қарқын алып келеді. Бұл жұмыстар аймақ тұрғындарының қауіпсіздігін арттыруға және төтенше жағдайларға жедел ден қоюға бағытталған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Бағдарламаның орындалуын Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы үйлестіріп, аудан әкімдіктерімен және жергілікті қауымдастықтармен бірлесіп бақылау жүргізуде. Іске белсенді азаматтар мен жергілікті белсенділер де атсалысып отыр.

Жуырда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев аймаққа арнайы іссапармен келіп, жаңа өрт сөндіру бекеттерінің құрылыс барысы мен материалдық-техникалық жабдықталуын тексерді.

Қазіргі уақытта 10 өрт сөндіру бекетінің құрылысы жүріп жатыр. Олар:

  • Жамбыл ауданы – Матыбулак, Актерек, Қазыбек бек;

  • Кеген ауданы – Саты, Ұзынбұлақ;

  • Қарасай ауданы – Береке;

  • Балқаш ауданы – Ақкөл;

  • Ұйғыр ауданы – Шырын;

  • Еңбекшіқазақ ауданы – Балтабай;

  • Қонаев қаласы – Шеңгелді.

Мамандардың айтуынша, бұл бекеттер іске қосылған соң, 20 шақырымнан астам қашықтықтағы 54 шалғай ауылда төтенше жағдайларға әрекет ету уақыты айтарлықтай қысқарады. Бұл өз кезегінде аймақтағы мыңдаған тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

«Өрт сөндіру бекеттерінің ашылуы – тек қауіпсіздік деңгейін арттыру ғана емес, сонымен қатар ауылдық аймақтардың инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам. Біз әрбір тұрғын өзін қауіпсіз сезінуі үшін барлық жағдайды жасауға ниеттіміз», – деді Алматы облысы ТЖД бастығы.

Жаңа нысандар толықтай заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Мұнда өрт сөндіру техникасы, байланыс құралдары және жеке құрамның күнделікті қызметіне қажетті жағдайлар жасалады.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметтегі заң бұзушылықтар: азаматтардың құқығы қалай қорғалды?

Қорлан Нұрланқызы
22.09.2026

Динара Әлібекқызы: Әрбір азаматтың құқығы заңмен қорғалуға тиіс

Қорлан Нұрланқызы
22.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
22.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
22.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
22.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz