Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында мобильдік медициналық топтар шалғай ауылдарға тегін көмек көрсетуде

Алматы облысында білікті мамандардан құралған мобильдік медициналық топтар шалғай орналасқан ауылдық елді мекендерге барып, тұрғындарға тегін медициналық қызмет көрсетуді бастады, деп хабарлайды alataunews.kz,

Қорлан Нұрланқызы
12.08.2025
Аймақ

Шара тамыздың 11-інен бастап Балқаш, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарында өткізіліп жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, құрамында 25 тәжірибелі дәрігер бар топ тоғыз түрлі бағытта медициналық көмек ұсынады. Мамандар тек кеңес беріп қана қоймай, қажет болған жағдайда шағын оталар жасап, күрделі жағдайларда кешенді ем-дом жүргізуге дайын.

«Бұл бастама шалғай ауылдардағы медициналық қызметтің сапасын арттыруға бағытталған. Мобильдік топтар бір ай көлемінде жұмыс істейді және бұл шара тоқтамайды. Әр үш ай сайын осындай іс-шаралар барлық аудандарды қамтитын болады», — деді Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов.

Медициналық топ құрамындағы дәрігерлер жуырда Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасындағы жетекші клиникалық орталықтарда біліктілігін арттырып қайтқан. 25 маман акушерлік-гинекология, неонатология, травматология, онкология, эндоскопиялық хирургия, анестезиология және реаниматология салаларында заманауи емдеу мен диагностикалау тәсілдерін меңгерді.

Іле аудандық орталық ауруханасының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі директордың орынбасары Рауан Азимқұлованың айтуынша, Минск қаласында өткен оқыту барысында пневмопошта жүйесі мен медициналық қызметкерлердің науқастарға деген ерекше көзқарасы жоғары бағаланған.

Мамандар енді шетелде жинақтаған тәжірибесін ел ішінде, соның ішінде ауылдық аймақтарда тиімді пайдаланып, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға күш салмақ.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Число погибших из-за пожара в «Центре плова» в Щучинске выросло до 12 человек

Николай Иващенко
19.04.2026

Лазерное освещение появилось в области Жетысу на трассе «Ушарал – Достык»

Николай Иващенко
19.04.2026

В Алматинской области взорвался дом: пострадала семья

Николай Иващенко
19.04.2026

В Жамбылском районе расширяют посевные площади за счёт пастбищных земель

Николай Иващенко
19.04.2026

В «Городе кочевников» появился экопарк: высажено 500 деревьев

Николай Иващенко
18.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz