Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында оқушыларға құқықтық мәдениет негіздері үйретіледі

Алдағы жаңа оқу жылынан бастап Алматы облысының мектептері мен колледждерінде құқықтық мәдениет бойынша қосымша сабақтар енгізіледі. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Пилоттық кезеңде бұл пән Талғар ауданына қарасты 10 мектеп пен 3 колледжде өткізіледі. Негізгі мақсат- оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыру, заңды құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ зорлық-зомбылық, буллинг және өзге де құқықбұзушылықтың алдын алу.

Құқықтық мәдениет сабақтарын арнайы дайындықтан өткен, бұған дейін прокуратура және полиция органдарында қызмет атқарған тәлімгерлер жүргізеді. Оларды оқыту 7–8 тамыз күндері басталады.

«Біз құқықтық сананың негізін мектеп қабырғасынан бастап қалаймыз. Тәлімгерлер балаларға өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп қана қоймай, заңды құрметтеуге, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және сындарлы мінез-құлық дағдыларын дамытуға көмектеседі. Бұл – болашақта орнықты құқықтық мәдениетті қалыптастырудың кілті», – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Пилоттық жоба аясында оқу жылында 7–10 сынып оқушылары мен колледж студенттеріне барлығы 36 сабақ өткізу жоспарланған. Сабақтар екі аптада бір рет өтеді. Сонымен қатар алдын ала және қорытынды диагностика жүргізіліп, оқушылардың мінез-құлқына тұрақты мониторинг жасалады.

Сабақтарға арналған әдістемелік материалдарды ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі ұлттық ғылыми-практикалық институты Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен бірлесіп әзірледі.

Алдағы уақытта бұл бастама еліміздің өзге өңірлерінде де енгізіліп, кеңейтілетіні жоспарланып отыр.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында кадрлық тағайындау: басқармаға жаңа басшы келді

Қорлан Нұрланқызы
22.06.2026

Алматы облысында «Заң мен тәртіп» қағидаттарын насихаттаған акция ұйымдастырылды

Қорлан Нұрланқызы
22.06.2026

Қапшағай су қоймасынан 5 шақырым заңсыз ау торы шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
22.06.2026

Шыңғыс Әрінов Алматы облысында жаңа өрт сөндіру бөлімін ашты

Қорлан Нұрланқызы
22.06.2026

Алматы облысының спортшылары халықаралық турнирде топ жарды

Қорлан Нұрланқызы
21.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz