Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы бизнес пен инвестицияны дамытуда қарқынды өсім көрсетуде

Қонаев қаласында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңір кәсіпкерлері мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығымен кездесті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Жиында шағын және орта бизнесті дамыту, инвесторлар тарту және кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді тетіктері талқыланды.

Әкімнің айтуынша, шағын және орта бизнес – өңір экономикасының негізгі қозғаушы күші. Бүгінде облыста 150 мыңға жуық кәсіпкер жұмыс істейді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,6%-ға көп. Салада жұмыспен қамтылғандар саны 8,4%-ға өсіп, 261 мың адамға жетті. 2025 жылдың бірінші тоқсанында ШОБ 994,5 млрд теңгенің өнімін өндіріп, бұл көрсеткіш 23,4%-ға артты. Қаңтар–маусым аралығында салық түсімі 34,5%-ға өсіп, 150,6 млрд теңгеге жетті.

Биыл бизнесті қолдауға жергілікті бюджеттен 6,2 млрд теңге бөлінді. Қаражат несие пайыздарын субсидиялауға, қарыздар мен лизингке кепілдік беруге, жас және әлеуметтік кәсіпкерлерге гранттар бөлуге бағытталды. Гранттық бағдарлама аясында 79,9 млн теңгеге 16 жоба, ал «Даму» қоры арқылы 23,7 млрд теңгеге 119 жоба іске асырылуда.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Райымбек Баталов облыстың кәсіпкерлікті дамытудағы және инвесторлар үшін қолайлы ахуал қалыптастырудағы оң қарқынын атап өтті. Ол мемлекет пен бизнестің серіктестігі айтарлықтай экономикалық серпін беретінін және қолдау бағдарламалары кәсіпкерлерге нарықтағы орнын сақтап қана қоймай, өндірісін ұлғайтуға, жаңа нарықтарға шығуға және жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретінін айтты. Сондай-ақ, «Атамекен» өңір билігімен әріптестікті жалғастырып, бизнестің өзекті мәселелерін шешуге атсалысатынын жеткізді.

Соңғы үш жылда облысқа тартылған инвестиция көлемі 60%-ға өсіп, 2,4 трлн теңгеге жетті. Жаңа-Алатау ауданында 96,5 мың гектар аумақта салықтық жеңілдіктер мен преференциялар ұсынылатын арнайы экономикалық аймақ құрылды. Қазір өңірде жалпы аумағы 2 119,3 гектар болатын алты индустриялық аймақ жұмыс істеп тұр, тағы тоғызын ашу жоспарланған, оның жетеуі БАКАД бойында орналасады.

Өңірдің инвестициялық портфелінде құны 6,3 трлн теңге болатын 229 жоба бар. Олардың ішінде «Almaty Insulation» жылу оқшаулағыш материалдар зауыты, «Шин-Лайн» балмұздақ фабрикасы, Focus Logistics логистикалық хабы, KT&G кәсіпорны және «Оспанов Девелопмент» балық шаруашылығы сияқты ірі нысандар бар. 2025 жылы 302,7 млрд теңгеге 35 жобаны іске қосу көзделіп отыр.

Жыл басынан бері инвесторлармен 242 кездесу өткізілді, олардың 80%-ы Қытай өкілдерімен. Соңғы үш жылда өңірге 1,8 млрд АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды.

“Біз әрбір инвестор мен кәсіпкер өз жобасының барлық кезеңінде жан-жақты қолдауды сезінуі үшін бар жағдайды жасаймыз. Бизнес дамыса, өңірдің экономикасы да өркендейді”, — деді Марат Сұлтанғазиев.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz