Жарысқа облыстың әр өңірінен және өзге аймақтардан келген 7-ден астам команда мен 180-ге жуық спортшы қатысады. Сайыс барысында қатысушылар жылдамдық пен төзімділікті қажет ететін бірнеше қашықтықта бақ сынамақ.
Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері жарыстың алғашқы күні анықталады. Ал салтанатты марапаттау рәсімі 12 тамыз күні өтеді деп жоспарланған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жарыс жас спортшылардың шеберлігін арттырып қана қоймай, өңірде қысқы спорт түрлерін насихаттауға және болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге ықпал етеді.





