Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қазақстандағы алғашқы АЭС жобасының макеті көпшілікке көрсетілді

Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Үлкен ауылында Қазақстанда салынуы мүмкін атом электр станциясының (АЭС) макеті алғаш рет жұртшылыққа таныстырылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
08.08.2025
Аймақ, Алматы облысы
Фото: Kursiv.Media

Фото: Kursiv.Media

Презентация барысында Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясы салған Нововоронеж АЭС-інің №6 энергоблогының үлгісі көрсетілді. Бұл энергоблок — әлемдегі алғашқы 3+ буындағы ядролық реакторлардың бірі саналады.

Көрсетілген макет Қазақстандағы болашақ АЭС-тің нақты жобасы емес, тек «Росатомның» бұрынғы жобаларының бірі ретінде ұсынылған.

«Қазіргі таңда нақты дизайн дайын емес. Презентацияда ұсынылған макет – «Росатомның» өзге елдерде жүзеге асырған жобаларының бірі. Қазақстанда салынатын АЭС осындай сипатта болуы мүмкін», — деп түсіндірді жоба өкілдері.

АЭС құрылысы басталса, жобаның құны кемінде 14 миллиард доллар деп бағаланып отыр.

Жоба таныстырылымы қоғамда түрлі пікір туғызды. Қоғам белсенділері мен саясаттанушылар АЭС-ті Ресей компаниясы салатын болса, бұл Қазақстанды технологиялық және энергетикалық тұрғыда Мәскеуге тәуелді етуі мүмкін деп алаңдайды.

Сондай-ақ экологтар Балқаш көліне төнетін экологиялық қауіпке назар аударуда. Өйткені жобаның алдын ала ұсынылған нұсқаларына сәйкес, АЭС Балқашқа жақын орналасуы мүмкін.

Ал үкімет өкілдері мұндай алаңдаушылықтарды жоққа шығарып отыр. Олардың айтуынша, барлық шешімдер ашық конкурс, халықаралық сараптама мен қоғам пікірін ескере отырып қабылданады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

В «Городе кочевников» появился экопарк: высажено 500 деревьев

Николай Иващенко
18.04.2026

Акция «Таза Қазақстан» объединяет жителей Алматинской области

Николай Иващенко
18.04.2026

Новоселье в Талгаре: 25 семей получили ключи от новых квартир

Николай Иващенко
18.04.2026

Марат Султангазиев провел обряд разрезания пут у малышей

Николай Иващенко
18.04.2026

В Алматы состоялась международная конференция, посвященная развитию науки в эпоху ИИ

Николай Иващенко
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz