Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы құрылыс қарқыны бойынша үздік үштікке енді

Алматы облысы 2025 жылдың басынан бері 622 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беріп, жылдық жоспардың 64,8 пайызына қол жеткізді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
08.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Бұл көрсеткішпен өңір құрылыс көлемі бойынша республикадағы үздік үштікке енді. Құрылыс қарқыны тұрақты түрде өсіп, әлеуметтік маңызы зор жобалар жүйелі жүзеге асырылып келеді.

Тұрғын үй саясатының табысты жүзеге асып жатқанын көрсететін айқын мысал — Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілуі. Аталған нысан 2022 жылы салына бастаған болатын, ал 2025 жылы толықтай аяқталып, пайдалануға берілді.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыс сапары барысында жаңа қоныс иелеріне пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады. Көптен күткен қуанышқа 60 отбасы кенелді. Олардың қатарында көпбалалы отбасылар, әлеуметтік осал топ өкілдері және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар бар.

Жаңа тұрғын үй заманауи талаптарға сай салынған. Бір, екі және үш бөлмелі пәтерлер ыстық су жүйесімен, электр плиталармен жабдықталған, сондай-ақ орталықтандырылған газ жүйесіне қосылған.

«Халықты баспанамен қамтамасыз ету — біздің басты міндетіміз. Бұл — тұрғындарға тек баспана емес, жаңа өмір бастауға берілген мүмкіндік. Біз бұл бағыттағы жұмысты тоқтатпаймыз. Әр отбасы мемлекеттің қолдауын нақты сезінуі керек», — деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде.

Жаңа пәтерге ие болған отбасылардың бірі алты баланы тәрбиелеп отырған Көккөзовтер әулеті. Олар үш бөлмелі пәтерге ие болып, өмірлерінде жаңа кезеңнің басталғанын қуана жеткізді.

«Бұл күнді көп күттік. Өз баспанамыз болады деп ешқашан ойламадық. Енді шындыққа айналды. Бізге осындай қолдау көрсеткен барша азаматтарға алғысымыз шексіз», — дейді отағасының жұбайы Альбина Көккөзова.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысында 960 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл бағытта Ұйғыр ауданы да белсенді қатысып, тұрақты өсім көрсетіп келеді.

Өңірде жүзеге асып жатқан бұл жобалар — тек құрылыс саласының дамуы емес, сонымен қатар халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған кешенді жұмыстың нәтижесі.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz