Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ұйғыр ауданында инфрақұрылым мен білім саласында ауқымды жобалар басталды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Ұйғыр ауданына жасаған жұмыс сапары аясында аудан тұрғындарымен есептік кездесу өткізіп, өңірдің дамуындағы өзекті мәселелер мен негізгі басымдықтарды талқылады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Ашық диалог форматында өткен кездесуде тұрғындар жол жөндеу, газдандыру, жастарды жұмыспен қамту және ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерін көтерді. Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімі тиісті салалық басқармаларға нақты тапсырмалар берді.

Сапар барысында аймақ басшысына өңірдің әлеуметтік және білім беру инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бірқатар жобалар таныстырылды.

Атап айтқанда, Шонжы ауылында жаңа музей құрылысы, Шырын ауылында мектепті қайта жаңғырту, сондай-ақ Шонжы политехникалық колледжінің материалдық-техникалық базасын жаңарту жұмыстары басталған.

Шонжы ауылында қазіргі заман талаптарына сай заманауи музей салу көзделген. Жоба аясында ұлттық стильдегі сәулеттік шешімдер, интерактивті көрме залдары, балалар студиясы мен лекторийлер қарастырылған. Құрылысты 2025–2027 жылдар аралығында кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарлануда. Жобаның құны – 1,3 млрд теңге. Қазіргі уақытта жобаға қатысты барлық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өткен.

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев:

«Инфрақұрылымдық жобалар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып қана қоймай, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, ұлттық құндылықтарды насихаттауға ықпал етуі тиіс. Ұйғыр ауданында шамамен 90 мың адам тұрады. Әр тұрғын үшін қолайлы жағдай жасау біздің басты міндетіміз», – деді.

Сапар аясында Шырын ауылындағы мектептің қайта жаңғыртылу барысы да назарға алынды. 2024 жылғы қаңтар айындағы жер сілкінісінен кейін үш қабатты ғимарат апатты деп танылған болатын. Жаңа мектеп 640 оқушыға арналған, жалпы ауданы – 3 267,6 шаршы метр. Құрылыс жұмыстары ақпан айында басталып, бүгінде 80%-ға орындалған. Жобаның жалпы құны – 864,5 млн теңге.

Сонымен қатар, 1976 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Шонжы политехникалық колледжінің инфрақұрылымын жаңарту мәселесі де өзекті болып отыр. Қазіргі таңда колледжде 302 студент білім алуда, ал келесі оқу жылында олардың саны 327-ге жетеді деп күтілуде. Колледж директоры Гүлназ Тегісбаеваның айтуынша, инфрақұрылымды жақсарту білім сапасына оң әсер етіп, жастардың кәсіби әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Жұмыс сапары аясында облыс әкімі «Золотое Руно Т.» ЖШС-нің жүн өңдеу зауытының жұмысымен де танысты. 2019 жылы Дардамты ауылдық округінде іске қосылған бұл өндірістік кешеннің жалпы ауданы – 1800 шаршы метр, аумағы – 2 гектар. Жобаның құны – 300 млн теңге, зауыттың қуаттылығы – тәулігіне 6 тонна жүн өңдеу. Қазіргі таңда мұнда 40 жаңа жұмыс орны ашылған.

Қорытындысында, облыс әкімінің Ұйғыр ауданына жасаған сапары барысында өңірдің экономикалық және әлеуметтік әлеуетін арттыруға бағытталған нақты бастамалар мен жобалар таныстырылды. Ұлттық мұраны ұлықтайтын музей, қауіпсіз әрі заманауи мектеп, кәсіби білім сапасын арттыратын колледж, ауылдық кәсіпкерлікті қолдайтын өндіріс – барлығы аудан тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдар.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz