Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тамыздан бастап электр энергиясы қымбаттайды

2025 жылғы 1 тамыздан бастап елімізде электр энергиясының шекті тарифтері ресми түрде өседі, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2025
Жаңалықтар

Бұл туралы Энергетика министрінің міндетін атқарушы 29 шілдеде қол қойған жаңа бұйрықта айтылған.

Құжатқа сәйкес, электр энергиясын өндіруші бірнеше ірі кәсіпорынның тарифтері жаңартылды. Тарифтердің көтерілуі – саладағы өндірістік шығындардың артуы мен инфрақұрылымдық жаңғырту қажеттілігімен байланыстырылады.

Тариф өсімі қандай?

Кәсіпорын атауы Бұрынғы тариф (тг/кВтсағ) Жаңа тариф (тг/кВтсағ)
Т.И. Батыров атындағы Жамбыл МАЭС 22,58 23,25
Ақтөбе ЖЭО 17,54 18,19
«Жайықжылуэнерго» АҚ 13,25 13,95
МАЭК-Қазатомөнеркәсіп 22,16 23,26
«Кристалл Менеджмент» АҚ 15,27 16,09
«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС 21,11 23,58
З-Энергоорталық 16,77 18,46
Қызылорда жылу электр орталығы 12,10 13,13
«Батыс Пауэр» ЖШС 15,89 17,63
Karabatan Utility Solutions ЖШС 10,67 13,06
OzenMunaiProm ЖШС 26,92 28,68
«Қазхром» ТҰК» АҚ 10,67 11,65
«ССКӨБ» АҚ 18,82 18,94

Сонымен қатар, 63-ші энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін киловатт-сағатына 44,02 теңге көлемінде шекті тариф бекітілді.

Энергетика министрлігі алдағы уақытта бұл өзгерістердің электр энергиясының қолжетімділігі мен сапасына оң әсер ететінін атап өтті. Алайда, тарифтің өсуі тұтынушылар тарапынан қосымша шығындарға әкелетіні анық.

Мұндай қадам саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, энергетикалық қауіпсіздікті арттыру мақсатында қолға алынуда.

Тегтер: Басты жаңалықтарқазақстанэлектр жарығы

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz