Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Назым Қызайбай 40 баланың мектепке баруына қолдау көрсетті

Жаңа оқу жылы қарсаңында еліміздің атын әлемдік ареналарда танытып жүрген белгілі спортшы, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай көпбалалы отбасыларға қайырымдылық көмегін көрсетті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2025
Жаңалықтар

Танымал боксшы өзінің Instagram парақшасында 40 баланы мектепке дайындағаны туралы бөлісіп, көпшіліктің алғысына бөленді.

Бұған дейін Назым әлеуметтік желі арқылы бірінші сыныпқа баратын балалардың ата-аналарынан байланыс нөмірлерін сұраған болатын. Қайырымды бастамасын іле-шала іске асырған спортшы 40 оқушының мектепке қажетті құрал-жабдықтарын алып беріп, көпбалалы ата-аналардың жүгін жеңілдетті.

«Жаттығудан кейін өзіме тәнті болып келе жатырмын. Минус 2 миллион, 40 бақытты бала + күлімдеген көпбалалы ата-аналар. Жақсылық санмен емес, жүрекпен өлшенеді», — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасына.

Спортшының бұл бастамасы жұртшылық тарапынан кең қолдау тауып, игі істің жалғасын табуына серпін берді. Назым Қызайбайдың бұл әрекеті – нағыз ел жанашырына тән өнеге. Ол тек спортта ғана емес, қоғамға деген жанашырлығымен де жастарға үлгі болып отыр.

Қазіргі таңда ел ішінде осындай қайырымды істердің кеңінен насихатталып, қоғамда игілікке ұмтылатын жандардың көбейіп келе жатқаны қуантады. Назым Қызайбайдың бұл бастамасы соның айқын дәлелі.

Тегтер: Қайырымдылық күніспорт

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz