Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Келешек мектеп»: Алматы облысында білім беру жаңа белеске көтерілді

Алматы облысында білім беру саласы қарқынды дамып келеді. 2024–2025 оқу жылының басында «Келешек мектеп» ұлттық жобасы аясында аймақ бойынша 9 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, мыңдаған оқушы жаңа, заманауи білім ордаларына қадам басты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.07.2025
Аймақ, Алматы облысы

Бұл – тек жаңа ғимараттар ғана емес, болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына арналған заманауи және жайлы орта. Жаңа мектептер Қарасай (6), Жамбыл (2) аудандарында және жаңадан құрылған Алатау қаласында (1) ашылды. Атап айтқанда, Долан, Қошмамбет, Елтай, Көкөзек, Қаскелең және Кемертоған ауылдарындағы, сондай-ақ Қарғалы, Ұзынағаш және Еңбек ықшам ауданындағы жаңа мектептер қазіргі заманғы білім беру жабдықтарымен толық қамтамасыз етілген.

Аталған білім ордаларына барлығы 985 педагог жұмысқа қабылданды. Оның ішінде 545 ұстаз – ашық конкурс арқылы, 440-ы – ауысым тәртібімен жұмысқа келген. Солардың қатарында 104 жас маман бар. Олар 2022–2024 жылдар аралығында жоғары педагогикалық оқу орындарын тәмамдаған, ел болашағын тәрбиелеуге енді қадам басқан жалынды жастар.

Жас мамандардың мамандықтар бойынша бөлінісі мынадай:

  • Бастауыш сынып мұғалімдері – 23

  • Математика – 13

  • Қазақ тілі мен әдебиеті – 12

  • Орыс тілі мен әдебиеті – 7

  • Ағылшын тілі – 21

  • Информатика – 5

  • Жаратылыстану және басқа пәндер – 23

Жас ұстаздар еңбек шарты негізінде жұмысқа қабылданып, мектептердің ішкі тәртібі мен әдістемелік үдерісіне белсенді кіріктірілді. Оларға тәлімгер ұстаздар бекітіліп, кәсіби бейімделу және қолдау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.

2024 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілген Қарғалы ауылындағы №1 орта мектеп – «Келешек мектеп» жобасы аясында бой көтерген ірі нысандардың бірі. Бұл мектепке тартылған жас мамандар білім процесіне белсене араласуда. Мәселен, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ұлмекен Қилыбаева өткізген «Space facts» ашық сабағы оқушылар мен әріптестері тарапынан жоғары баға алды. Математика пәнінің жас маманы Ләззат Бекзак та өз тәжірибесін аудандық іс-шараларда белсенді бөлісіп жүр.

Ұзынағаш ауылындағы №2 орта мектептің жас маманы Гүлдана Шарафутдинова — жасанды интеллект құралдарын сабақта тиімді қолдана отырып, оқыту сапасын жаңа деңгейге көтерген жаңашыл ұстаздардың бірі.

Бастауыш сынып мұғалімі Әсем Амангелді (Долан мектебі) мен Мадина Самсабаева (Көкөзек мектебі), сондай-ақ Назерке Алпысбаева (Қаскелең мектебі) сияқты жас мамандар қысқа уақыт ішінде ұжым мен ата-аналар сеніміне ие болып, түрлі байқаулар мен семинарларда топ жарып жүр. Атап айтсақ, Назерке Алпысбаева 2024–2025 оқу жылында Абайдың 180 жылдығына арналған «Үздік абайтанушы» байқауында бас жүлдені жеңіп алды.

2025 жылы «Келешек мектеп» жобасы аясында тағы 17 мектептің есігі ашылады деп күтілуде. Бұл нысандар жалпы саны 13 800 оқушыны қамтиды. Соған орай педагог кадрларға сұраныс та арта түспек.

Келесі оқу жылына педагогтерге қажеттілік:

  • Жалпы қажеттілік – 2231

  • Оның ішінде жас мамандар – 295

Сұранысқа ие пәндер бойынша:

  • Бастауыш сынып – 42

  • Қазақ тілі мен әдебиеті – 35

  • Орыс тілі мен әдебиеті – 30

  • Математика – 45

  • Ағылшын тілі – 36

  • Физика, химия, биология – 45

  • Информатика және басқа пәндер – 62

Жас мамандар ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 бұйрығына сәйкес enbek.kz платформасы арқылы конкурс негізінде қабылданады. Әр мектепте тәлімгерлік және бейімделу бағдарламалары енгізілген.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Таяу Шығыс бағыттары жабылды: билеттер 13 наурызға дейін сатылмайды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында қызылша бойынша жағдай күрделі: екі айда 300-ге жуық жағдай тіркелді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алғыс айту күні қарсаңында қарасайлық 26 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz