Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында экология, жолдар және туризм мәселелері талқыланды

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Алматы агломерациясы Жергілікті кеңесінің кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.07.2025
Аймақ, Алматы облысы

Жиында экологиялық жағдайды жақсарту, радиалды жолдарды БАКАД-қа дейін жалғау, сондай-ақ Алматы таулы кластерін дамыту мәселелері қаралды.

Тараптар радиалды жолдардың салынуы агломерация аумағындағы көлік қатынасын жақсартып, мегаполистің негізгі магистральдарындағы жүктемені азайтатынын атап өтті. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарға ерекше назар аударылмақ.

Қазіргі таңда қала мен облыс аумағында Абай және Рысқұлов даңғылдарын, Саин, Тілендиев, Солтүстік айналма және Мөңке би көшелерін БАКАД-қа дейін жалғау бойынша құрылыс жұмыстары жалғасуда.

«Кеңестің стратегиялық міндеттерінің бірі – Алматы агломерациясының көлік инфрақұрылымын дамыту. Осы орайда қала шекарасына дейінгі көшелерді облыс аумағында БАКАД-қа дейін жалғай отырып, құрылыс жұмыстарын жеделдету қажет», – деді Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды.

Сондай-ақ облыс аумағында газ құю бекеттері бар автобус паркін салу қажеттілігі де қозғалды. Бұл шара Алматы қаласының Қалалық мобильділік басқармасына қала маңындағы бағыттарға газбен жүретін автобустарды енгізуге мүмкіндік береді. Биыл қала әкімдігі жеке автопарктермен бірлесіп, 1400 газбен жүретін автобус пен 118 электробус сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл қоғамдық көліктің (қала маңы мен таулы бағыттардан басқа) толықтай экологиялық үлгіге көшуіне жол ашады.

Агломерация аумағындағы ретсіз құрылыс мәселесі де өзекті күйінде қалып отыр. Қала шекарасына жақын орналасқан көпқабатты тұрғын үй құрылысы агломерацияның өзегі мен шет аймақтары арасындағы теңгерімсіздікті күшейтіп, маятникті көші-қонды арттыруда. Бұл көлік пен әлеуметтік инфрақұрылымға қосымша салмақ түсіріп отыр.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, өңірде қала құрылысы тәртібін жетілдіру жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, қала маңындағы тұрғын үй кешендерінің биіктігіне шектеу енгізу қарастырылып отыр. Қарасай, Талғар және Іле аудандарының бас жоспарлары әзірленіп жатыр, онда әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның даму мәселелері қамтылатын болады.

«Алматы агломерациясы аумағында 3,2 миллионнан астам адам тұрады, оның 1,5 миллионы қала маңында шоғырланған. Агломерацияның өндірістік және туристік әлеуетінің басым бөлігі Алматы облысына тиесілі. Сондықтан барлық инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар үйлесімді түрде іске асырылуы тиіс», – деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Кеңес отырысында экологиялық ахуалды жақсарту мәселелері де сөз болды. Ауа сапасының нашарлауына ықпал ететін негізгі фактор – автокөлік. Қалада күн сайын экологиялық «Евро-0» санатындағы 172 мыңнан астам көлік қозғалыста жүреді. Осыған байланысты стационарлық және мобильді экологиялық бекеттердің жұмысын күшейту жоспарланып отыр. Сонымен қатар төмен шығарындылы аймақтарды (Low Emission Zone) енгізу жобасы әзірленуде.

Сондай-ақ жиын барысында Алматы таулы кластерін дамыту аясында заманауи туристік инфрақұрылымды үйлестіру және дамыту мәселелері де қаралды.

Айта кетейік, Алматы агломерациясының өзегі – Алматы қаласы. Агломерация құрамына облыстық маңызы бар қалалар, Алатау ауданы, аудандық маңызы бар елді мекендер, 31 ауылдық округ пен 98-ге жуық ауыл кіреді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Таяу Шығыс бағыттары жабылды: билеттер 13 наурызға дейін сатылмайды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында қызылша бойынша жағдай күрделі: екі айда 300-ге жуық жағдай тіркелді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алғыс айту күні қарсаңында қарасайлық 26 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz