Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында сүт өндірісі артып келеді: «Қонаев» ӘКК қолдаған жобалар өз нәтижесін беруде

Қазақстанда сүт тапшылығы мәселесі әлі де өзекті күйінде қалып отыр. Аталған проблеманы жүйелі түрде шешу мақсатында «Қонаев» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) несиелеу бағдарламасын іске асыруда, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.07.2025
Аймақ, Алматы облысы

Бұл бастама ауыл шаруашылығы саласына тың серпін беріп, өңірлік экономиканың дамуына оң әсерін тигізіп отыр.

Бағдарламаны қаржыландыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. 2023 жылы 15 млрд теңге бөлінсе, 2024 жылы қосымша 5 млрд теңге бағытталды. Ал биыл республикалық бюджеттен тағы 8 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл туралы «Қонаев» ӘКК басқарма төрағасы Мұрат Абдығұлов мәлімдеді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша корпорацияның қолдауымен қаржыландырылған 13 сүт-тауар фермасы 38 042 тонна сүт өндірген. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 5 000 тоннаға артық (2023 жылы – 33 088 тонна). Аталған кәсіпорындарда бүгінде 709 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Барлық жобалар толық қуатына шыққанда жылдық өндіріс көлемі 68 000 тоннадан асып, жұмыс орындарының саны 838-ге жетуі мүмкін.

Еңбекшіқазақ ауданындағы үлгілі жоба

Сүт бағытындағы табысты жобалардың бірі – Еңбекшіқазақ ауданындағы «Әлімжанов» шаруа қожалығы. Жоба «Қонаев» ӘКК-нің қаржылық қолдауы арқылы елеулі жетістікке жетті. Кәсіпкер Тілек Әлімжанов кеңестік кезеңде салынған ескі ферманы қайта қалпына келтіріп, өткен жылы жеңілдетілген несие арқылы Чехиядан симментал тұқымының 96 бас ірі қара малын сатып алды. Қазір шаруашылықтағы сауын табыны 850 басқа дейін көбейген.

«Шаруашылықта заманауи технологиялар мен селекциялық-асылдандыру жұмыстары енгізілген. Малға жайлы жағдай жасалған. Қазір бір сиырдан жылына орта есеппен 5,5 тонна сүт алынып отыр. Еуропадан әкелінген ірі қара жаңа ортаға тез бейімделіп, төлдей бастады», – дейді фермер.

Фермада бүгінде 100-ден астам адам еңбек етеді, олардың басым бөлігі – жергілікті тұрғындар. Жұмысшылар үшін тегін тамақ, тасымал және әлеуметтік қолдау қарастырылған. Бұл – ауыл тұрғындары үшін тұрақты жұмыс пен лайықты тұрмыс сапасының кепілі ғана емес, сонымен қатар агроөнеркәсіп саласына көрсетілетін қолдаудың нақты нәтижесі екенінің айқын дәлелі.

Бағдарлама шарттары және кеңейту әлеуеті

АӨК-ті несиелеу бағдарламасы Солтүстік Қазақстан облысының оң тәжірибесіне негізделіп әзірленген. Ол сүт бағытындағы ірі қара сатып алу, сүт-тауар фермаларын, құс фабрикаларын, көкөніс қоймаларын, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарды салу немесе жаңғырту үшін қажет жабдық алуға жеңілдетілген несие ұсынуды көздейді.

Бағдарлама шарттарына сәйкес:

  • Несиелеу мерзімі – 10 жылға дейін;

  • Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%;

  • Жеңілдік кезеңі – 24 айға дейін;

  • Максималды сома – 5 млрд теңге.

Бүгінгі таңда бағдарлама аясында Алматы облысына 1 498 бас сүт бағытындағы ірі қара мал жеткізілді. Бұл көрсеткіштер өңірдегі сүт өндірісінің артуына, жұмыс орындарының көбеюіне және ауылдағы өмір сапасының жақсаруына айтарлықтай әсер етіп отыр.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Таяу Шығыс бағыттары жабылды: билеттер 13 наурызға дейін сатылмайды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында қызылша бойынша жағдай күрделі: екі айда 300-ге жуық жағдай тіркелді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алғыс айту күні қарсаңында қарасайлық 26 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz