Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Әкімдік қызметкері ретінде алдаған: Алматы облысында 110 миллион теңгелік алаяқтық әшкереленді

Алматы облысында өзін әкімдік қызметкері ретінде таныстырған Қаскелең қаласының 47 жастағы тұрғыны ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.07.2025
Аймақ, Алматы облысы
Фото: Sebaguir/Shutterstock

Фото: Sebaguir/Shutterstock

Тергеу барысында анықталғандай, ер адам әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға арналған мемлекеттік ипотекалық бағдарлама аясында баспана рәсімдеуге көмектесемін деп уәде берген. Ол пәтерді төмен пайызбен, небәрі екі-үш айдың ішінде алып бере алатынын айтып, азаматтардың сеніміне кірген.

Нәтижесінде 47 адам күдіктіге жалпы сомасы 110 миллион теңге көлемінде ақша тапсырған. Жәбірленушілер күткен баспаналары уәде етілген мерзімде берілмеген соң полицияға шағымданған.

Тексеру барысында ер адамның жоғары білімі болғанымен, ресми түрде еш жерде жұмыс істемегені белгілі болды.

Құқық қорғау органдары тергеу барысында жеткілікті дәлелдер жинап, күдіктінің кінәсі толық дәлелденді. Сот шешімімен ол 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сот оны жәбірленушілерге 75 миллион теңге көлемінде материалдық шығынды өтеуге және сот шығындарын жабуға міндеттеді.

Құзырлы органдар тұрғындарды күмәнді ұсыныстарға сенбеуге және мемлекеттік бағдарламаларға қатысты ақпаратты тек ресми дереккөздерден ғана тексеруге кеңес береді.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz