Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында инвестиция тарту қарқыны артты: алты айда 421,6 млрд теңге инвестиция құйылды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен өткен кезекті әкімдік отырысында өңірге инвестиция тарту бағытындағы бірінші жартыжылдықтың қорытындылары қаралып, алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер белгіленді, деп хабарлайды аlataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.07.2025
Аймақ, Алматы облысы

Кездесуде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін басты драйверлердің бірі – инвестициялық саясатты жетілдіру мәселесі негізгі назарда болды.

Облыс тұрақты өсім қарқынын көрсетіп келеді. Биылғы жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 421,6 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,7 пайызға артты. Оның ішінде жекеменшік инвестиция көлемі 288,6 млрд теңгені құрап отыр. Бұл – кәсіпкерлік белсенділіктің жоғары деңгейде екенін және бизнестің өңірлік жобаларға сеніммен қарап отырғанын аңғартады.

Алматы облысы республика бойынша инвестиция тарту көрсеткіші жағынан да алдыңғы қатарда. Бүгінде өңірдің жалпыұлттық инвестициялық үлесі 5,2%-ға жеткен. Бұл – облыстың инвестициялық тартымдылығының артып келе жатқанын білдіреді.

Отырыста сондай-ақ шетелдік капитал тарту мәселесі де талқыланды. Тікелей шетелдік инвестиция көлемі I тоқсан қорытындысы бойынша 210,7 млн АҚШ долларын құраған. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе жоғары көрсеткіш. Мұндай серпін өңірдің халықаралық әріптестіктегі ашықтығы мен тұрақты инвестициялық ахуалын көрсетеді.

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев өз сөзінде инвестицияларды тарту тек экономикалық өсім ғана емес, жаңа жұмыс орындарын құру, өндіріс көлемін ұлғайту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін маңызды екеніне назар аударды. Оның айтуынша, Алматы облысында проактивті тәсілдер мен заманауи құралдар қолданылып жатыр. Атап айтқанда, өңірде арнайы цифрлық инвестициялық платформа іске қосылған, өңірлік инвестициялық штаб жүйелі түрде жұмыс істейді, нақты инвестициялық жобалар портфелі жасақталған.

Жиын барысында екінші жартыжылдыққа арналған басым бағыттар да белгіленді. Ең алдымен, қолда бар жобалардың іске асырылуын жеделдету, инфрақұрылымдық қолдау тетіктерін кеңейту және шетелдік әріптестермен жаңа келісімдерге келу – негізгі міндеттердің қатарында.

Жалпы алғанда, Алматы облысы инвестиция тарту бағытында қарқынды дамып келеді. Бұл үрдіс өңір экономикасының әртараптануына, жаңа өндіріс ошақтарының ашылуына және жалпы аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің артуына жол ашатыны сөзсіз.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz