Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда сиреналар қосылады

2025 жылғы 23-24 шілде аралығында Қазақстанда «Жер-2025» атты республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.07.2025
Жаңалықтар

Оқу-жаттығу елдің сейсмикалық қауіпті өңірлерінде ұйымдастырылады. Атап айтқанда, жаттығу келесі қалалар мен облыстарды қамтиды:

  • Алматы және Шымкент қалалары,

  • Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары.

Республикалық штаб Шымкент қаласында орналасады.

Іс-шара аясында аталған өңірлерде дабыл сиреналары қосылып, адамдар көп жиналатын нысандарда сейсмикалық қауіпсіздікке арналған жаттығулар өтеді. Тұрғындар бұл шаралардан алдын ала хабардар етіледі.

ТЖМ мәліметінше, оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – жойқын жер сілкінісінен кейінгі төтенше жағдайларды жою кезінде азаматтық қорғау жүйесінің дайындық деңгейін тексеру және арттыру.

«Іс-шараға республикалық және өңірлік азаматтық қорғау қызметтері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар қатысады. Олар жойқын жер сілкінісі жағдайында әрекет ету алгоритмін пысықтайды», – делінген министрлік хабарламасында.

Оқу-жаттығу ел тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып саналады. Төтенше жағдай туындаған жағдайда жедел және үйлесімді әрекет ету – азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғаудың басты кепілі.

Тегтер: Басты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz