Оның айтуынша, Президент Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға нақты тапсырма берген.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкіміне балалардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыруы үшін балалар үйіне жөндеу жүргізуді және нысанды қала балансына алуды тапсырды», – деп жазды Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында.
Баспасөз хатшысының мәлімдеуінше, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар үйі басқа қалаға көшірілмейді.
«Аталған жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заң шеңберіндегі барлық құқығы толық сақталады», – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін «Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Қонаев қаласына көшіру туралы шешім жұртшылық арасында қызу талқыланған болатын. Президенттің бұл тапсырмасы балалардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге және олардың құқықтарының бұзылуына жол бермеуге бағытталған маңызды шешім ретінде қабылданды.





