Алматы облысының таулы аймақтарында найзағайлы күн райы күтіледі. Бұл туралы Қазгидромет мамандары хабарлады.
Ауа райының қолайсыздығы әсіресе таулы аудандарда байқалмақ. Синоптиктердің болжауынша, алдымен оңтүстік-батыстан соғатын жел кейін солтүстік-батыс бағытқа ауысады. Желдің екпіні 20 м/с-ке дейін күшеюі мүмкін.
Мамандар тұрғындарды және туристерді ауа райының күрт өзгеруіне дайын болуға шақырады. Әсіресе, ашық алаңдар мен таулы өңірлерде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау ұсынылады.





