Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында ер адам жұбайын соққыға жықты: қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысында ер адам әйелін аяусыз соққыға жықты: қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2025
Аймақ, Алматы облысы

Жантүршігерлік жағдай туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарап, қоғам наразылығын тудырды. Облыстық Полиция департаменті бұл оқиғаны растады.

Желідегі мәліметтерге сүйенсек, ер адам соққыға жыққан әйелдің мұрны сынған, құлақ тұсынан жарақат алған және соққы салдарынан есту жүйесі зақымданған. Қазір жәбірленуші ауруханада ем қабылдап жатыр.

Оқиға кезінде әйелдің қасында жақын туыстары болмағаны, ал күйеуі көмек беруден бас тартқаны хабарланды. Сонымен қатар, дәл сол күні енесі үйден қашып кеткені де белгілі болған. Әйелді күйеуінің қолынан мектептегі сыныптастары құтқарып қалған.

Туыстарының айтуынша, ер адам есірткіге тәуелді болған. Әйел оның үстінен полицияға арыз жазбақ болған кезде ері тарапынан соққыға жығылған. Бұл дерек те құқық қорғау органдарының назарына ілінді.

Алматы облыстық Полиция департаменті бұл оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында оқиғаның мән-жайы жан-жақты әрі объективті түрде зерттелуде. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жиналған материалдар негізінде заң талаптарына сай түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады», – делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр. Қоғам белсенділері мен желі қолданушылары бұл оқиғаға бейжай қарамауға шақырып, жәбірленушіге құқықтық және психологиялық көмек көрсетілуі тиіс екенін айтуда.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz