Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Су ресурстары және ирригация басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Алматы облысында кадрлық ауыс-түйістер орын алуда. Облыс әкімінің өкімімен Саят Маратұлы Қараласов 2025 жылғы 4 шілдеден бастап Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.07.2025
Аймақ, Алматы облысы

Саят Маратұлы 1978 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Ол 1995 жылы Қазақ Мемлекеттік көлік және коммуникациялар академиясын «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен қатар, 2010 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде «Құрылыс» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Осы уақыт аралығында түрлі мемлекеттік мекемелерде жауапты қызметтер атқарды. Атап айтқанда, Алматы қаласының құрылыс басқармасында жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы және басқарма басшысының орынбасары лауазымдарын иеленген. Кейін Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасында бөлім басшысы болып еңбек етті. Бұдан бөлек, Жетісу облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасын басқарды.

2024 жылдың қыркүйек айынан бері Алматы облысының құрылыс басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Жаңа басшының салалық тәжірибесі мен мемлекеттік қызметтегі кәсіби жолы су ресурстары мен ирригация саласындағы өзекті мәселелерді тиімді шешуге серпін береді деп күтілуде.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz