Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта 6 шақырымнан астам жағажай абаттандырылады

Алматы облысындағы Қонаев қаласында жағалау аймақтарын дамыту жұмыстары қарқын алды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.07.2025
Аймақ, Алматы облысы

Қала әкімі Асхат Бердіхановтың айтуынша, қазіргі таңда 6,1 шақырымға созылатын жағажай белдеуін абаттандыру жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асады.

Қалада 8 ресми жағажай бар. Өткен жылы №5 жағажай қалалық бюджет есебінен жаңартылып, пайдалануға берілген. Биыл оның маңындағы тағы 1 шақырым жағажай жеке инвестиция есебінен абаттандырылып отыр. Бұл өзгерістер туризм саласына оң әсерін тигізген: былтырғы маусымда қалаға 1,5 млн-ға жуық демалушы келсе, биыл шомылу маусымы аяқталмай жатып бұл көрсеткіш 860 мыңнан асып кеткен.

«№5 жағажайға аптаның жұмыс күндері 1500-2000 адам келсе, демалыс күндері бұл көрсеткіш 4500-6000-ға дейін жетеді. Бұл – өңірдің туристік әлеуетінің артқанын білдіреді», – деді қала басшысы.

Әкімнің айтуынша, қалған 7 жағажай да №5 жағалаудың стиліне сай абаттандырылып, заманауи талаптарға сай инфрақұрылыммен жабдықталады. Жобаларда санитарлық және жасыл аймақтар, шағын сәулеттік формалар, демалыс орындары, қоғамдық тамақтану нүктелері мен қауіпсіздік шаралары қарастырылған.

«Рауан» шағынауданынан бастап 18-шағынауданға дейінгі аралықтағы жағалау кезең-кезеңімен жаңғыртылады. №6 және №7 жағажайларда құрылыс жұмыстары биылғы шомылу маусымынан кейін басталады деп жоспарланып отыр. Ал №8 жағажай инвестор қаржысы есебінен абаттандырылмақ.

Қалада коммуналдық жағажайлардан бөлек, 140-қа жуық демалыс орны орналасқан. Әкімдік бұл нысандардың да бірізділікпен дамуын көздейді. «Қапшағай су қоймасының маңында орналасқан демалыс орындары үшін арнайы дизайн-код әзірленіп, кәсіпкерлерге ұсынылатын болады. Бұл – қызмет көрсету сапасын арттырумен қатар, жағалау аймақтарының эстетикалық келбетін жақсартуға мүмкіндік береді», – деді Асхат Бердіханов.

Сонымен қатар, қалада 2025-2028 жылдар аралығында жалпы құны 306,4 млрд теңгеге бағаланған 11 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл жобалар қатарында қонақ үйлер, бассейндер, гольф-клубтар мен сауда орталықтары бар. Жергілікті әкімдік тарапынан қажетті мемлекеттік қолдау тетіктері ұсынылады.

Айта кетейік, бұған дейін қала әкімінің бастамасымен жағажайларда тазалық сақтау, санитарлық талаптарды күшейту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша арнайы кеңес өткен болатын.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz