Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында балалардың қауіпсіздігі мен игілігі үшін жаңа қадам жасалды

Алматы облысының білім басқармасы Алматы қаласындағы 1963 жылы салынған КММ «Арнайы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау өңірлік орталығы» ғимаратының апатты жағдайына байланысты тәрбиеленушілерді жаңа мекенге көшіру туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2025
Аймақ, Алматы облысы

2024 жылы жүргізілген техникалық сараптама нәтижесінде нысанның тірек конструкцияларында жарықтар анықталып, жылыту және сумен жабдықтау жүйелерінің толықтай тозғаны белгілі болған. Ғимарат санитариялық, өрт қауіпсіздігі және құрылыс талаптарына сай келмейтіндіктен, әрі қарай пайдалануға жарамсыз деп танылды.

Осыған орай, облыс әкімінің 2025 жылғы 9 шілдедегі №207 қаулысы және білім басқармасының 2025 жылғы 10 шілдедегі №494-н бұйрығына сәйкес, тәрбиеленушілерді Қонаев қаласында орналасқан жаңа Балалар үйіне кезең-кезеңімен көшіру басталды. 180 орынға арналған бұл жаңа нысан жеке инвесторлар есебінен салынып, мемлекет меншігіне табысталған. Ғимарат балалар мекемелеріне қойылатын барлық заманауи талаптарға толық сәйкес келеді.

Алғашқы кезеңде 1–4 сынып оқушылары қатарындағы 44 бала көшіріледі. Ал қалған тәрбиеленушілер біртіндеп қоныстандырылады. Бұл үдеріс олардың оқу-тәрбие процесіне кедергі келтірмей, әлеуметтік бейімделуін де ескеріп жүргізіледі.

Қазіргі таңда аталған мекемеде 171 бала тәрбиеленуде. Оның 125-і – жетім, ал 46-сы – қиын өмірлік жағдайға тап болғандар. Балаларға 85 қызметкер қызмет көрсетеді, оның ішінде 42 педагог жұмыс істейді.

Білім басқармасы әлеуметтік желілерде тараған кейбір жалған ақпараттарға да түсініктеме берді:

  • Барлық тәрбиеленушілер заңнамаға сәйкес медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі және тұрғын үй алу кезегіне тұру мүмкіндігіне ие;

  • Жаңа мекеме орналасқан аумақтағы жер бедері жайлы жалған ақпараттар шындыққа сәйкес келмейді;

  • Көшіру барысында балалардың ешбір құқығы шектелмейді және олардың өмір сүру жағдайы нашарламайды.

Жаңа Балалар үйіне көшу – тек физикалық орын ауыстыру емес. Бұл – мемлекет тарапынан балалардың қауіпсіздігіне, сапалы білім мен медициналық қызметке, сондай-ақ лайықты тұрмыс жағдайына қол жеткізу құқығына берілген нақты кепіл.

Білім беру жүйесіндегі мұндай бастамалар – Қазақстанның әлеуметтік жауапты мемлекет ретінде қалыптасып келе жатқанын айқын көрсетеді. Болашағымыз саналатын балаларға лайықты қамқорлық көрсету – ортақ борышымыз.

 

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz