Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Конаевтық жас жүзгіш Дубайда өтетін финалға жолдама алды

Қонаев қаласында ашық суда жүзуден өткен халықаралық «Oceanman Kazakhstan – 2025» турнирі өз мәресіне жетті. Капшагай су қоймасы аумағында ұйымдастырылған жарысқа әлемнің түрлі елдерінен 2000-нан астам спортшы қатысты. Жарыс бес түрлі қашықтық бойынша өткізілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.07.2025
Аймақ, Алматы облысы

Турнирдің ең жас әрі ерекше қатысушыларының бірі – Қонаев қаласынан келген 8 жастағы Дмитрий Кремпин. Ол – Дубайда өткен Oceanman финалының күміс жүлдегері. Биыл да «OCEANKIDS» санатында 500 метр қашықтықты 10 минут 40 секундта жүзіп өтті.

«Жас ерекшелігі бойынша топта ең кішісі мен болдым. Қарсыластарымның жасы 9 бен 10-ның арасында. Биыл жеңімпаздар қатарына ене алмадым, бірақ келесі жылы міндетті түрде жеңемін деп ойлаймын. Әрдайым қолдау көрсететін ата-анама және бапкеріме үлкен рақмет», – деді Дмитрий.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстанда бұл турнир төртінші рет өткізіліп отыр және оған деген қызығушылық жылдан-жылға артып келеді. Бұл – бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтына деген халықтың ынтасын көрсетеді.

Биылғы жарыстың маңызды ерекшелігі – ерекше қажеттіліктері бар 15 баланың қатысуы болды. Әр балаға тәжірибелі жүзгіштен арнайы серік бекітілді. Солардың бірі – танымал заңгер, 2019 жылы Ла-Маншты жалғыз жүзіп өткен алғашқы қазақстандық Ержан Есімханов.

«Бүгін мен Тұмар Мұратқызын алып жүрдім. Ол – нағыз қайсар қыз. 500 метрді сәтті жүзіп шықты. Бұл чемпионаттың басты құндылығы – ашықтығы мен қолжетімділігі. Ол әлемнің түкпір-түкпірінен келген әртүрлі жастағы және кәсіптегі адамдарды біріктіреді», – деді Ержан Есімханов.

Ересектер арасындағы INSPIRATION санатындағы 2 км қашықтықта Қазақстанның жүзуден алғашқы паралимпиада чемпионы, ұлттық құраманың капитаны Зүлфия Ғабидуллина жүлдегер атанды.

«Биыл 59 жасқа толдым. Бірақ спорттан кетуді ойлап жүрген жоқпын. Қыркүйекте Сингапурда өтетін әлем чемпионатына қызу дайындалып жатырмын. Жас спортшыларға айтарым – ешқашан тоқтамаңдар, әрқашан алға ұмтылыңдар. Бапкерлеріңізді естен шығармаңдар, олардың еңбегін бағалаңдар», – деді ол.

5 шақырымдық HALF OCEANMAN жарысында 20–29 жас санатында Станислав Редько жеңіске жетті. Ол – Астанада жаттықтырушы болып қызмет етеді, бұрын ашық суда жүзуден Қазақстан чемпионы болған.

«Oceanman жарысына алғаш рет екі жыл бұрын қатысқан едім. Биыл әлемнің бірнеше елінде өткен үш кезеңге қатыстым. Барлығында да жеңіске жеттім. Әрине, дайындықсыз адам үшін 5 немесе 10 шақырымды тоқтаусыз жүзіп өту өте қиын. Бірақ мен кәсіби спортшы болған соң, бұл – менің күнделікті тәртібім», – деді Станислав Редько.

«Мастер» санатында тәжірибелі спортшыларымыз 4 алтын медальдің үшеуін иеленді. Әйелдер арасында абсолютті жеңімпаз – Алматы қаласынан келген Ирина Лазарева. Ол – ашық суда жүзуден Қазақстан Республикасының спорт шебері, Орта Азия ойындарының күміс жүлдегері және суасты бағдарлау бойынша Әлем кубогының қола жүлдегері.

«Қонаевтағы бұл жарысқа үшінші жыл қатарынан қатысып келемін. Үш жылда да жеңімпаздар қатарынан көріндім. Қарсыластарым мықты болды, сол үшін де бұл жеңіс мен үшін ерекше құнды», – деді Ирина Лазарева.

10 км және 5 км қашықтықтарда абсолютті чемпион атанған қазақстандықтар – Лев Черепанов пен Ғазиза Құмақбаева. Ал 2 км қашықтықтағы SPRINT санатында жеңіске жеткендер – Біріккен Араб Әмірліктерінен Родриго Малан мен қазақстандық Таисия Короткова.

Oceanman – әлемнің әртүрлі елдерінде өтетін бірнеше кезеңнен тұратын халықаралық чемпионат. Қатысушылар бір ғана кезеңге не бірнеше жарысқа қатыса алады. Жыл соңында финалдық жарыс өткізіледі. Жүйе бойынша, әр кезеңде үздік 10 ер және 10 әйел спортшы автоматты түрде финалға жолдама алады. Биылғы финал желтоқсан айында Дубайда өтеді.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz