Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

OCEANMAN-2025: Халықаралық жарыс Қонаев қаласында өтеді

5–6 шілде күндері Капшағай су қоймасында Орталық Азия аумағындағы ең ірі ашық суда өтетін халықаралық OCEANMAN-2025 жүзу жарысы басталады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.07.2025
Аймақ, Алматы облысы

Биылғы додаға 18 елден 2 050 спортшы қатысады. Олардың қатарында Үндістан, Франция, Италия, Ұлыбритания, Біріккен Араб Әмірліктері және Малайзиядан келген спортшылар бар.

Жарыс бес түрлі қашықтық бойынша өтеді:

  • OCEANMAN (10 км) – 300 қатысушы

  • HALF OCEANMAN (5 км) – 400 қатысушы

  • SPRINT (2 км) – 800 қатысушы

  • OCEANKIDS (500 м) – 500 бала

  • OCEANTEAM (эстафета 3×500 м) – 90 адам

Биылғы шарада ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған INSPIRATION санатына айрықша назар аударылды. Бұл санатта 15 бала өз қамқоршыларымен бірге суға түсіп, жарысқа қатысады. Олардың арасында Қазақстандағы алғашқы OCEANMAN қатысушысы, заңгер Ержан Есимханов та бар. Бүгінде ол ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдап, олардың спортқа араласуына үлес қосып келеді.

– OCEANMAN – бұл тек спорттық жарыс емес, бұл – бірлік, инклюзия және рухтың мықтылығын көрсететін шара. Мұндай ауқымды, әрі баршаға ашық жарыстың Алматы облысында өтуі біз үшін үлкен қуаныш, – деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рахман Шахарбек.

Жарыс Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Биыл алғаш рет шетелдік қонақтар үшін Culture Day – Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрімен танысу күні ұйымдастырылады.

Жарыс Heaven Club демалыс аймағында өтеді. OCEANMAN-2025 жарысы халықаралық деңгейдегі маңызды спорттық оқиға ретінде өңірдің туристік әлеуетін арттыруға да ықпал етеді.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz