Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында цифрлық трансформация қарқын алуда

Алматы облысында цифрлық шешімдерді енгізу және инновациялық кәсіпкерлікті қолдау бағытында жүйелі жұмыс жалғасып келеді. Бұл үдерістің негізгі қозғаушы күштерінің бірі – 2024 жылы ашылған Alatau Hub инкубаторы, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.07.2025
Аймақ, Алматы облысы

Бүгінде ол білім беру, әлеуметтік технологиялар және мемлекеттік секторды цифрландыру салаларындағы стартаптарды дамытуға арналған платформа ретінде қызмет атқаруда.

Табысты жобалардың жарқын мысалы – QOL стартапы. Жоба инженерлік робототехниканы оқытуға арналған STEAM-комплектілерін әзірлеген. Бұл өнімдер облыстағы 10 пилоттық мектепке енгізілді, жоба 10 мың АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартты. Сонымен қатар, РМК «Ғылым ордасы» мекемесімен бірлескен FabLab зертханасын ашу жөнінде меморандумға қол қойылды. Стартаптың алдағы мақсаты – Орталық Азия мен MENA аймағының нарығына шығу.

Тағы бір перспективалы жоба – OquMarket білім беру маркетплейсі. Бұл платформа оқушылар мен мұғалімдерге оқу процесін жекелендіруге мүмкіндік береді. Стартап сынақ кезеңінен сәтті өтіп, алғашқы пайдаланушылардан оң пікірлер алды және енді жоба еліміз бойынша кеңейтілмек.

Цифрлық технологиялар мемлекеттік секторда да қолданылуда. Alatau Hub резиденттерінің бірі облыс прокуратурасы үшін «Отбасының цифрлық картасы» жүйесіне арналған арнайы модуль әзірледі. Бұл шешім мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға және деректерді нақты талдауға мүмкіндік береді.

Цифрлық инфрақұрылымды дамыту – өңірдің тағы бір басым бағыты. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында облыста 9 100 бейнебақылау камерасы мен 325 бағдарламалық-аппараттық кешен орнатылып, 2 554 шақырым талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылды.

Кеңістіктік талдау мен цифрлық модельдерді жасауға да ерекше көңіл бөлінуде. 2023 жылы облыста «Цифрлық егіз» жобасы іске қосылып, 33 елді мекенді (582,1 км²) қамтыды. Жоба аясында рельефтің 3D моделі жасалып, 1 919 шақырым инженерлік желі цифрландырылды.

Алматы облысында цифрлық трансформация қарқынды дамып келеді. Бұл өңірдің технологиялық ілгерілеуіне, халықтың өмір сүру сапасының артуына және ұлттық әрі халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігінің нығаюына қолайлы жағдай жасауда.

Тегтер: қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz