Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында үш ит талап кеткен бала жансақтау бөлімінде жатыр

Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Жалпақсай ауылында футбол алаңында ойнап жүрген 10 жасар баланы үш ит талап, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.07.2025
Аймақ, Алматы облысы

Ауыр жарақат алған жеткіншек Қаскелең қаласындағы аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Оқиға 16:30 шамасында болған. Куәгерлердің айтуынша, балалар әдеттегідей футбол ойнап жүргенде алаңға бірнеше ит кіріп кеткен. Балалардың көпшілігі қашып үлгергенімен, Максим есімді балаға үш ит – екі овчарка мен бір питбуль шабуыл жасаған.

Иттерді ажырату біраз уақыт алған. Шабуыл салдарынан баланың құлағы жұлынып, жамбасы жыртылып, басынан ауыр жарақат алған. Қазіргі уақытта дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін күресіп жатыр.

Оқиғаға байланысты Алматы облыстық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 104-бабы («Абайсызда ауыр зиян келтіру») бойынша іс қозғап, сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты зерттелуде. Куәгерлерден жауап алынды, тиісті сараптамалар тағайындалды. Сараптама қорытындысына сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады», – делінген полицияның ресми хабарламасында.

Сонымен қатар, иттердің иелері мен жауапты тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға берілетіні және кінәлілер заң талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылатыны айтылды.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz