Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Таза Қазақстан»: экологияға жанашыр жастар көбейді

Алматы облысында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған экологиялық бағдарламаға өңір жастары белсенді атсалысуда, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
30.06.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алматы облыстық жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы ауқымды шараларды өткізді. Аймақты тазартуға 16 мың жанашыр экоерікті біркісейді күш салған. Айта кетерлігі, былтыр да өңір жастары белсенділігінің нәтижесінде аймақ аумағынан 30 мың тоннаға тарта қоқыс шығарылып, 87 мыңнан аса ағаш көшеттері отырғызылған.

«Ең жас волонтеріміз – 14 жаста. Жастардың табиғатқа жанашырлықпен қарауы ғана емес, азаматтық жауапкершілігі қатты қуантады. Биыл «Taza Like» акциясы аясында оқушылар өз қолдарымен 1000 торғай ұясын әзірледі. Мұнымен қоса, «Қапшағай» қарағай орманы құрылып, экологиялық бастама аясында 22 000 ағаш отырғызылды. Осы жылы «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары қатарына мың жас қабылданады деп күтілуде. Олар да жылдағыдай мұндай игі шараларға өз үлестерін қосатын болады», — деді Алматы облыстық жастар ресурстық орталығы басшысы Мақсат Кенешев.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Таза Қазақстан» жастардың бойында экологиялық сауаттылық пен мәдениетті арттыруда, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне белсенді тарту мен табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеуде айрықша рөл атқарады. Бұл жұмыстар өңірдің түкпір-түкпірінде жалғасын табуда. Әсіресе, аталған істе Талғар қаласының азаматтары белсенді. Қатарында жас волонтер Ернат Саяев та бар.

Жергілікті колледждердің бірінде оқитын студент 12 жасынан еріктілікпен айналысады екен. Бұл менің – азаматтық борышым, — дейді.

«Таза Қазақстан» акциясына қатысу – мен үшін жай ғана сенбілік емес, бұл – табиғатқа, туған жерге деген жауапкершілігімнің көрінісі. Қоршаған орта – бәріміздің ортақ үйіміз. Егер әрбіріміз табиғатты аялауға бір қадам жасасақ, қоршаған ортада үлкен өзгеріс болады. Осы науқан арқылы жастардың экологияға деген көзқарасын өзгертіп, жақсы үлгі көрсете аламыз, — дейді волонтер.

Талғар ауданы биыл 16 мың адамның басын қосып, ауқымы кең 100-ге тарта акцияны өткізген. Экологиялық шаралардың бастысы — «Талхиз» қалашығына және «Талғар» шыңында өткен. Ескерткіштер, өзен-көлдердің айналасы қоқыстан аршылып, 6 мыңға жуық көшет отырғызылған. Бұл ғана емес, әлеуметтік осал топ өкілдерінің де үй аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргізуді де алға қойған.

«Жастар табиғат пен қоршаған орта мәселесіне бей-жай қарамайды. Олар нақты өзгеріс әкелетін істерге қатысқысы келеді. «Таза Қазақстан» науқанына белсенді араласуы – олардың жауапты азамат болып қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Бұл — жақсы үрдіс деп ойлаймын», — дейді аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мөлдір Абатайқызы.

«Таза Қазақстан» — бұл тек экологиялық шара ғана емес, бұл тұрғындардың табиғаттағы проблемаларға салғырт қарамауы, көптің осы бағыттағы жауапкершілігін арттыруға арналған кең ауқымды жоба. Облыс жастары мұны терең түйсініп, облыстың экологиялық ахуалын жақсартуға нәтижелі үлестерін қосып отыр.

Тегтер: Алматы облысының жастарыБасты жаңалықтарэкология

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz