Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында экологиялық мәдениет қалыптасып келеді

Алматы облысы «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын іске асыруға белсенді кірісіп, қоғамдағы экологиялық сананың жоғары деңгейін және өңірдің тұрақты дамуға ұмтылысын нақты көрсетті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.06.2025
Аймақ, Алматы облысы

Табиғатты қорғау бұл өңірде жеке адамның жауапкершілігінен асып, мыңдаған тұрғынды біріктірген қуатты халықтық қозғалысқа айналды.

Мыңдаған адамды біріктірген бастама

Жыл басынан бері өткізілген «Таза қала» акциясы аясында 33 мыңнан астам облыс тұрғыны – оқушылар, студенттер, еңбек ұжымдарының өкілдері, кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлер санитарлық тазарту және абаттандыру жұмыстарына қатысты. Акция нәтижесінде 1,5 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, 750 ағаш отырғызылды. Бұл жасыл желектер өңірдің жаңартылған экожүйесінің бір бөлігіне айналды.

Экологиялық тәрбиенің негізі – жас ұрпақ

Экологиялық мәдениеттің іргетасы – жас буын. «Болашақты бірге егеміз» атты қосалқы акцияға 280 мыңнан астам оқушы қатысып, 13 келі ағаш тұқымын септі. Бұл тек ағаш отырғызу ғана емес, балаларға экологиялық жауапкершілікті сіңірудің маңызды қадамы болды.

Бизнес те белсенді қолдау көрсетуде

Жалпыұлттық ағаш отырғызу күні мен «Таза кәсіп – таза аймақ» бастамасы аясында облыста 74 кәсіпорынның қолдауымен 4 434 көшет отырғызылды. Оның ішінде 1 200-ден астам ағашты бизнестің өзі отырғызған. Сонымен қатар, осы акциялар барысында 50 тонна қоқыс жиналды. Бұл – кәсіпкерлердің экологиялық жауапкершілікті нақты іспен дәлелдегенін көрсетеді.

Ұлттық парктер мен су көздері тазартылды

«Таза аймақ» акциясына ұлттық парктердің қызметкерлері, еріктілер мен жергілікті тұрғындар қатысты. Олар табиғи аумақтар мен елді мекендерден 6,2 тонна қоқыс жинады.

«Мөлдір бұлақ» акциясы кезінде 519 адам бұлақ көздерін тазалап, 3 тоннадан астам қоқысты шығарды. Бұл бастама табиғи су көздерінің экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді.

«Таза жағалау» акциясы да жоғары деңгейде өтті. 280-нен астам адам Қапшағай су қоймасы мен Іле өзенінің жағалауларын қоқыстан тазартып, 26 тонна қалдықты жинатты. Нәтижесінде бұл аумақтар қайтадан экотуризм үшін қауіпсіз әрі тартымды орынға айналды.

Нәтижелер:

  • Экологиялық шараларға 215,4 мың адам қатысты (2024 жылы – 760,7 мың адам)

  • Бастаманы 8,8 мың кәсіпорын мен ұйым қолдады

  • Жалпы 6,3 мың тонна қалдық жиналды (2024 жылы – 28,1 мың тонна)

  • 76,7 мың көшет пен 14 мың кг ағаш тұқымы егілді

  • 2,2 мың арнайы техника жұмылдырылды

Тазартылған нысандар:

  • 3 000 көпқабатты тұрғын үй ауласы

  • 55 саябақ пен сквер

  • 723 тарихи және мәдени ескерткіш

  • 1 000 әлеуметтік нысан

Экология – өмір салтына айналған құндылық

Алматы облысындағы экологиялық бастамалар – бір реттік шаралар емес, бұл өңірде жүйелі және кешенді жұмыс жолға қойылған. Жергілікті тұрғындардың, әлеуметтік құрылымдардың және бизнестің белсенді қатысуы өңірдің тұрақты әрі таза болашағына сенімді қадам жасауға мүмкіндік беруде. Мұнда табиғатты қорғау – жай науқан емес, өмір салтына айналған құндылық.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz