Алматы облысы экс-әкімінің Николай атты жүргізушісі 2015-2020 жылдар аралығында пәтер алған. Қалалық тұрғын үй комиссиясы тексеруі кезінде баспананың заңсыз берілгені анықталды.
«Экс-әкімнің жүргізушісіне Талдықорған қаласының 8-шағынауданы, 7«А» үйінен бір бөлмелі қызметтік тұрғын үй берілген. Ол енді А. Баталовтың жүргізушісі болмағандықтан, өз еркімен пәтерді тұрғын үй-коммуналдық қорына қайтарды», — деді Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Мәди Шәкенов.
Қазіргі уақытта Талдықорғанда заңсыз алынған 37-ден аса пәтер әшкереленіп, мемлекет меншігіне қайтарылды. Тізімде қазіргі және бұрынғы шенеуніктер де бар.
Қала әкімі Әсет Масабаевтың төрағалығымен тұрғын үй комиссиясы қайтарылған пәтерлердің 11-і кезекте заңды тұрған азаматтарға үлестірілді.
Мәди Шәкеновтың айтуынша, Талдықорғанда соңғы 5 жылда 1 066 пәтер заңсыз таратылғаны белгілі болды.