Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов Алматы облысында тұрғындармен кездесті

2025 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов жұмыс сапарымен Алматы облысына келді. Сапар барысында вице-министр Қонаев қаласының тұрғындарымен жүздесті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.06.2025
Аймақ, Алматы облысы

Кездесуде өңірдің отын-энергетика кешенінің қазіргі жағдайы, жылумен қамту, газдандыру және электрмен жабдықтау мәселелері талқыланды. Әлібек Жамауов тұрғындардың сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, көтерілген мәселелерге қатысты нақты түсіндірмелер ұсынды.

Қала тұрғындары газдандыру деңгейін арттыру, ЖЭС-3 жөндеу жұмыстарының жүргізілу барысы, жанар-жағармаймен қамтамасыз ету бойынша алаңдаушылықтарын жеткізді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласына дизель отынын жеткізу және сұйытылған мұнай газына қолжетімділік мәселелері де көтерілді.

Вице-министр өңірдегі жаңартылатын энергия көздерін дамыту әлеуетіне ерекше тоқталып, бұл бағыттағы жобалардың Үкіметтің тұрақты бақылауында екенін атап өтті.

Сапар аясында азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылып, тұрғындардың жеке өтініштері тыңдалды.

Әлібек Жамауовтың бұл сапары өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz