Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Еуропа елдері құрғақшылыққа байланысты суды үнемдеуге көшті

Францияда аптап ыстық пен туристік маусымның қызған шағында суды пайдалануға шектеулер енгізілді. Елде құрғақшылық қаупі жарияланды, бірақ жағдай әр аймақта әртүрлі және соған қарай қабылданып жатқан шаралар да бір-бірінен өзгеше, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

15.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Мәселен, Лионда әзірге көгалды суаруға немесе көлік жууға болмайды. Тыйымды бұзған азаматтарға айыппұл салынуы мүмкін. Оңтүстіктегі Лазурный жағалауында жүзге жуық коммуна су тапшылығына ұшырады.

Құрғақшылық көрсеткіштерінің бірі – су қоймаларының тартылуы. Савойдағы Анси көлінде жаз басталғалы бері су деңгейі 33 см-ге төмендеді. Әзірге бұл жағдай флора мен фаунаға әсер етпеген. Адамдар су көлігімен қатынауға байланысты біраз қиындыққа тап болып жатыр.

Су тапшылығы Еуропаның көптеген аймақтары үшін күрделі мәселеге айналды. Мажарстанда метеорологтар 1901 жылдан бері болмаған құрғақшылық биыл соңғы 7 айда тіркелгенін айтады. Жергілікті Су ресурстары басқармасының мәлімдеуінше, биыл жауын-шашынның орташа мөлшерінің жартысы ғана жауған.

Ұлыбританияда аптап ыстық ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізіп жатыр. Фермерлер малға жем-шөп қалмағанын және егінді суару үшін су жетіспейтінін айтады.

Билік өкілдері су тұтынуды шектеп жатса, экологтар батпақтарды қалпына келтіруді ұсынып отыр. Мамандардың айтуынша, бұл шара құрғақшылықпен ұзақ мерзімді күресу үшін жеткілікті ылғал жинауға мүмкіндік береді.

Тегтер: Еуропақұрғақшылықсу

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz