Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда 16 миллион азаматтың дерегі тарауына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Қазақстанда 16 миллионнан астам азаматтың жеке мәліметтерінің таралуына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.06.2025
Жаңалықтар
Фото: ашық дереккөзден

Фото: ашық дереккөзден

Оның айтуынша, қазіргі уақытта бұл іске байланысты тергеу жұмыстарын Ішкі істер министрлігі жүргізіп жатыр.

«Қылмыстық іс тіркеліп, Ішкі істер министрлігіне тергеуге жолданды», — деді Қойгелдиев журналистерге берген сұхбатында.

Сонымен қатар, Бас прокурордың орынбасары қолданыстағы заңнама талаптарына байланысты тергеу барысында қосымша ақпаратты жариялауға құқығы жоқ екенін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін 16,3 миллион қазақстандықтың жеке дерегі интернетте ашық тарағаны белгілі болған еді. Тараған мәліметтердің қатарында азаматтардың аты-жөні, ЖСН, мекенжайы, байланыс нөмірлері және басқа да жеке деректер бар. Оқиғаға байланысты қоғамда алаңдаушылық туындап, тергеу органдары дереккөзді анықтауға кіріскен.

Тегтер: Басты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz