Тергеу мәліметінше, күдікті шетелде сотталған Қазақстан азаматтарын босатуға көмектесемін деген желеумен азаматтардан қаражат жинап, оны жеке мақсатында пайдаланған.
Аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда сот күдіктіні қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер әзірге жария етілмейді.
Құзырлы органдар аталған іс бойынша тергеу жалғасып жатқанын, кінәлі деп тану немесе ақтау сот шешімінен кейін ғана мүмкін болатынын еске салады.





