Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жылына 400 мың тонна қалдық өңдейтін жаңа полигон салынады

2026 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жылына 400 мың тоннаға дейін қатты тұрмыстық қалдықты қабылдап, өңдеуге қауқарлы жаңа заманауи полигон пайдалануға беріледі. Бұл туралы «AMANAT» партиясының облыстық филиалында өткен экологиялық кеңес барысында белгілі болды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2025
Аймақ

Жиынға облыстық басқармалар мен департаменттердің өкілдері, аудан әкімдерінің орынбасарлары және экологиялық кеңестің мүшелері қатысты.

Полигон – экологиялық стандарттарға сай

Алматы облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Бауыржан Османның айтуынша, өңірдегі қолданыстағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары кезең-кезеңімен экологиялық талаптарға сәйкестендіріліп жатыр.

Қазіргі уақытта Балтабай ауылында салынып жатқан жаңа полигон іске қосылғаннан кейін Есік ауылындағы қолданыстағы полигон жабылып, толық қалпына келтіріледі. Жаңа нысан Қытайдың «Гуандун Сучунь» компаниясының жеке инвестициясы есебінен салынып жатыр.

«Облыста жыл сайын шамамен 430 мың тонна қалдық жиналады. Оның 112 мың тоннасы қайта өңделеді. Бүгінде 6 полигон жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, өңірде 70-ке жуық ұйым қалдық жинаумен айналысады», – деді Бауыржан Осман.

Оның мәліметінше, Алматы қаласынан шыққан 450 мың тонна қалдық Қарасай ауданына, ал 80 мың тоннасы Талғар ауданына жеткізіледі. Сонымен қатар, Шелек ауылындағы ескі полигонды жабу және жерді қалпына келтіру жобасы дайындалған.

Ащыбұлақтағы жағымсыз иіс мәселесі көтерілді

Кеңес барысында «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Жакупов Іле ауданына қарасты Ащыбұлақ ауылындағы кәріз жүйесінен тарайтын жағымсыз иіс мәселесін көтерді.

«Жаз мезгілінде бұл иістен тұрғындар терезе аша алмай отыр. Ол түрлі аллергиялық ауруларға себеп болуы мүмкін. Бұл мәселе қашан шешіледі?» – деп сауал қойды ол.

Сауалға жауап берген облыстық ТҮКШ басқармасының өкілі аталған мәселе бақылауға алынғанын, иістің шығу себептері зерттеліп жатқанын, ал оны жою бойынша нақты техникалық шешімдер әзірленіп жатқанын хабарлады.

Кешенді экологиялық шаралар атқарылуда

«AMANAT» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы аясында Алматы облысында:

  • 50-ге жуық рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісін жою,

  • ҚТҚ өңдеу үлесін 22%-дан 40,2%-ға дейін арттыру,

  • Қонаев қаласындағы апатты кәріз жүйесін толық жаңғырту
    жоспарланған.

Аталған бастамалар өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Али Хаменейдің ұлы Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы атануы мүмкін – БАҚ

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz