Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жүгері мен бидайды терең өңдейтін өндіріс іске қосылады

Алматы облысында Қытайдың жетекші Yili Chuanning Biological Co биофармацевтикалық компаниясы ауқымды инвестициялық жобаны жүзеге асыруға кірісті. Бұл жоба жүгері мен бидайды терең өңдеуге бағытталған және өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға серпін бермек, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2025
Аймақ, Алматы облысы

Аталған бастама «Қытай – Орталық Азия» екінші индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумы аясында бекітілген. Форум барысында Алматы облысының әкімдігі мен Yili Chuanning Biological Co. арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Жоба Еңбекшіқазақ ауданындағы «Шелек» индустриялық аймағында жүзеге асырылады. Компания заманауи биотехнологияларды қолдану арқылы аминқышқылдар, пробиотиктер және биоыдырайтын өнімдер (қаптамалар мен медициналық бұйымдар) өндірісін жолға қоймақ.

Инвестиция көлемі шамамен 500 миллион АҚШ долларын құрайды. Кәсіпорын жылына 400 мың тонна жүгері мен 500 мың тонна бидайды өңдеуге қауқарлы болады. Бұл өз кезегінде өңірдегі 1 000-ға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Yili Chuanning Biological Co. мамандары жобаның жүзеге асырылатын аумағына қатысты кешенді зерттеу жүргізуде. Олар өндірістік инфрақұрылым, логистика және экономикалық тиімділік бағыттарын бағалап, жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарын әзірлеуде.

Алматы облысының әкімдігі өңір экономикасына шетелдік инвестиция тарту және жоғары технологиялы өндірісті дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Жаңа жобаның іске асуы жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін тиімді өңдеуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және экспорттық әлеуетті арттыруға елеулі үлес қоспақ.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Судағы қауіпсіздік – басты назарда

Диана Ахметова
02.07.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияның күшіне енуіне арналған республикалық конференция өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.07.2026

Ішімдікке қарсы күрес – салауатты қоғамның басты кепілі

Диана Ахметова
01.07.2026

Президент Құрылтай сайлауын 23 тамызға тағайындады

Қорлан Нұрланқызы
01.07.2026

Алматы облысының тауларында жоғалған зейнеткер аман табылды

Қорлан Нұрланқызы
01.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz