Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жазғы лагерьлер 6 мыңнан астам баланы қабылдайды

2025 жылдың жазғы маусымында Алматы облысында балалардың демалысы мен сауықтырылуын жоғары деңгейде ұйымдастыруға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.06.2025
Аймақ, Алматы облысы

Бұл туралы Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте облыстық білім басқармасының Қорғаншылық, қамқоршылық және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Айжан Ізбасар және басқарманың бас маманы Мадияр Шарапов мәлімдеді.

Биыл өңірде 30 балалар лагері жұмыс істейді. Оның ішінде 1 мемлекеттік, 1 республикалық және 28 жекеменшік лагерь бар. Жалпы бұл демалыс орындары 6 мыңнан астам баланы қабылдауға дайын.

Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында облыс әкімдігі жанынан арнайы жұмыс тобы құрылған. Сонымен қатар, облыстық білім басқармасының бұйрығымен арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді.

Нәтижесінде, биыл өңірдегі 335 мыңнан астам оқушының 92%-ын жазғы демалыс және сауықтыру шараларымен қамту жоспарланып отыр.

Әлеуметтік осал топтарға ерекше көңіл бөлінеді

Брифингте Айжан Ізбасар атап өткендей, мемлекет пен демеушілердің қолдауымен әлеуметтік осал топтағы балаларға ерекше көңіл бөлінуде. Атап айтқанда:

  • жетім балалар,

  • көпбалалы отбасылардан шыққан балалар,

  • мүмкіндігі шектеулі оқушылар үшін арнайы жолдамалар бөлініп, олардың толыққанды демалысы қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен мыңнан астам балаға лагерлерге жолдама беріледі.

Биыл өңірде «Ұлылар еліне саяхат» жобасы іске қосылды. Оның мақсаты – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, ұлттық сана мен тарихи танымды қалыптастыру.

Жоба аясында:

  • әлеуметтік осал топтағы,

  • көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан,

  • ерекше білім беруді қажет ететін дарынды оқушылар еліміздің ұлы тұлғаларына арналған музейлер мен мемориалдық кешендерге саяхаттайды.

«Сапар барысында балалар тарихи тұлғаларға арналған экспозициялармен танысып, танымдық экскурсияларға қатысады», – деді Мадияр Шарапов.

Балалардың қауіпсіздігі шаралары ерекше бақылауға алынған. Барлық лагерьлерде:

  • өрт қауіпсіздігі,

  • санитарлық-гигиеналық талаптар,

  • құқықтық тәртіпті сақтау бойынша талаптардың сақталуына қатаң бақылау жүргізілуде.

Сонымен қатар, су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, балалар мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Спикерлердің айтуынша, жазғы демалыс маусымы балалар үшін тек қызықты ғана емес, қауіпсіз де болуы үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда зейнетақы жинағын алу шегі көтерілуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
21.04.2026

Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтті

Қорлан Нұрланқызы
21.04.2026

Министр 30 тамызға қатысты нақты жауап берді

Қорлан Нұрланқызы
21.04.2026

Алматы облысында екі бірдей АЭС салынады, дайындық басталды

Қорлан Нұрланқызы
21.04.2026

Қонаев қаласында ТҮКШ бөліміне жаңа басшы келді

Қорлан Нұрланқызы
21.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz