Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ұйғыр ауданында медициналық нысандар құрылысына бақылау күшейтілді

Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар жобалардың сапасына бақылау күннен күнге күшейтілуде, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.06.2025
Аймақ, Алматы облысы

Бұл жолы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Ұйғыр ауданындағы медициналық мекемелер құрылысы барысында анықталған заңбұзушылықтарға жан-жақты тексеру жүргізуді тапсырды.

Тексеру нәтижелері бойынша тиісті материалдар құқық қорғау және бақылаушы органдарға жолданатын болады. Өңір басшысы әлеуметтік жобаларды іске асыру барысында құрылыс стандарттарын қатаң сақтау мен ашықтықты қамтамасыз ету қағидаларын ерекше атап өтті.

Мониторинг жұмысын Алматы облыстық мәслихатының депутаттары жүргізді. Тексеру Кіші Дихан, Дардамты, Ақтам, Тиірмен және Ават ауылдарында өткізілді. Бұл елді мекендерде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында дәрігерлік амбулаториялар салынуда.

«Нысандарда жұмыс қарқыны өте баяу, сапасы да белгіленген талаптарға сәйкес емес. Мәселен, Ақтам ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда айтарлықтай кемшіліктер анықталды», — деп мәлімдеді облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев.

Ақтам ауылында құрылыс жұмыстары белгіленген кестеден айтарлықтай кешігіп жатыр. Терезелер дұрыс орнатылмаған, сыртқы сылақтың қалыңдығы нормадан асып кеткен, жер үсті сулары мен септикке жақын орналасу — қауіп тудыратын факторлар ретінде тіркелді. Сонымен қатар, нысан әлі күнге дейін денсаулық сақтау жүйесінің балансына берілмеген.

Кіші Дихан ауылындағы амбулатория бұрынғы нысаннан төмен деңгейде салынған, бұл су басу қаупін тудырады. Су бұру жүйесі бұзылған, тротуар плиткасы жобадан жоғары төселген, бұл іргетастың тұрақтылығына кері әсер етуі мүмкін.

Дардамты ауылында ішкі және сыртқы әрлеу барысында көптеген ақаулар, инженерлік желілердегі кемшіліктер мен іргетасты толық жылытпау фактілері анықталды.

Тиірмен ауылындағы амбулаторияда сапасыз материалдар қолданылып, линолеум мен плитканың дұрыс төселмегені, баспалдақтарда тұтқалардың болмауы тіркелді.

Ават ауылында абаттандыру жұмыстары аяқталмаған, кәріз жүйесі желдеткішпен жабдықталмаған, сондай-ақ электрмен және сумен жабдықтау бойынша заңбұзушылықтар анықталды.

Тексеру нәтижесінде депутаттар салалық басқармалар мен мердігер ұйымдарға нақты ұсынымдар берді. Ерекше назар:

  • жобалық-сметалық құжаттаманы жетілдіруге,

  • анықталған заңбұзушылықтарды жоюға,

  • құрылыс сапасына бақылауды күшейтуге аударылды.

Ұйғыр ауданының әкімдігі жағдайды ерекше бақылауға алды. Қазіргі таңда құрылыс мерзімдерін нақтылау, инженерлік шешімдерді қайта қарау, сондай-ақ нысандарды қолданыстағы құрылыс нормаларына сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде.

«Медициналық нысандардың құрылыс сапасын және аяқталу мерзімін қамтамасыз ету — халықтың медициналық қызметтерге қолжетімділігімен тікелей байланысты басты міндет. Барлық жауапты тараптар қолданыстағы заңнама мен стандарттар аясында қатаң жұмыс істеуі тиіс», — деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Тегтер: Алматы облысыҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Али Хаменейдің ұлы Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы атануы мүмкін – БАҚ

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz