Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында әлемдік деңгейдегі футбол академиясы салынуда

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Талғар ауданына барды. Сапар барысында өңір басшысы болашақ «Атлетико де Мадрид» футбол академиясының құрылыс алаңын аралап, жобаның жүзеге асу барысымен танысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
08.06.2025
Аймақ, Алматы облысы

Ауқымды жоба Талғар ауданындағы жұмыс істеп тұрған «Ақбұлақ» спорт орталығының базасында жүзеге асырылуда. Өткен жылдың қыркүйек айында «Sport Asset Management» қоғамдық бірлестігі мен «Doscar Group» ЖШС испаниялық «Атлетико де Мадрид» футбол клубымен бірлескен қызмет туралы келісімге қол қойған болатын. Осы ынтымақтастық аясында Орталық Азияда алғашқы «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясын ашу жоспарланған.

Құрылыс үш кезеңмен жүргізіледі

Академияның құрылысы үш кезең бойынша жүзеге асырылады:

  • Бірінші кезең — балалар академиясының инфрақұрылымын салу. Бұл кезеңнің жұмыстары 2025 жылдың мамырында басталып, 2026 жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Қазіргі уақытта қонақүй ғимараты қайта жаңартылып, бір футбол алаңының реконструкциясы қызу жүргізіліп жатыр. Алаңды 2025 жылдың 30 маусымында пайдалануға беру жоспарланған.

Сонымен қатар, келесі нысандар бойынша жобалық құжаттамалар келісілуде:

  • 20 киім ауыстыратын бөлмесі, душ кабиналары, медициналық пункттері, жаттығу және конференц-залдары, көрермендерге арналған алаңдары бар әкімшілік-тұрмыстық кешен;

  • қысқы жаттығуға арналған жасанды жабыны бар жабық футбол залы;

  • жасанды төсемі бар екі ашық футбол алаңы;

  • қақпашыларға арналған арнайы жаттығу алаңы;

  • бұрынғы садақ ату ғимаратын заманауи өткізу пунктіне қайта бейімдеу (кіру аймағы, санитарлық тораптар, күту залы және кафетерий).

  • Екінші кезең — кәсіби футбол командаларына арналған инфрақұрылым салу. Бұл кезеңде табиғи шөп төселген екі ашық алаң, жасанды жабынды бір алаң және толық жабдықталған әкімшілік кешен тұрғызу жоспарланып отыр.

  • Үшінші кезең — 10 000 көрерменге арналған үлкен стадион салу көзделген.

Қазақстандық футболға жаңа серпін

Жоба аясында бой көтеретін академия тек заманауи спорттық база ғана емес, болашақта әлемдік деңгейдегі футболшыларды дайындайтын орталыққа айналуы күтілуде. Бұл өз кезегінде қазақстандық футболдың дамуына тың серпін береді.

Аталған жобаны Алматы облысы әкімдігі жан-жақты қолдап отыр. Инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, қажетті рұқсат құжаттарын жеделдету және құрылыс барысын үйлестіру — өңір басшылығының тұрақты бақылауында.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Али Хаменейдің ұлы Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы атануы мүмкін – БАҚ

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz