Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Кеген ауданындағы инфрақұрылым жобалары: құрылыста кемшілік көп, шешім қажет

Алматы облыстық мәслихатының депутаттары Кеген ауданы аумағында салынып жатқан бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарға мониторинг жүргізді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.06.2025
Аймақ, Алматы облысы

Тексеру барысында құрылыс сапасы, жобалық-сметалық құжаттаманың орындалуы және техникалық бақылаудың жағдайы егжей-тегжейлі сараланды.

Жайылымдарды суландыру жобасы тоқтап тұр
Жалаңаш ауылдық округіндегі 12 құдық пен құбырларды қайта жаңғырту жобасы бойынша жұмыстардың тек 25 пайызы орындалған. Қазіргі уақытта жоба тоқтап тұр, жобалық-сметалық құжаттама қайта қаралып, сараптама сатысында. 2024 жылғы сот шешімімен мердігер ұйымнан мемлекет пайдасына 100 млн теңгеден астам аванстық төлем мен айыппұл өндірілген. Құбырлар жобада көрсетілген орындарға қойылмаған, гидрооқшаулауы жоқ. Авторлық және техникалық қадағалау іс жүзінде жүргізілмеген.

Мәдениет үйі құрылысы – өзекті мәселе
Кеген ауданы Жалағаш ауылындағы 180 орындық мәдениет үйінің құрылысы да жоспардан айтарлықтай кешігуде. Көрермен залындағы орындықтардың толық орнатылмауы, линолеум сапасының төмендігі, мүгедектерге арналған көтергіштің дұрыс орналаспауынан бастап, ауланы көгалдандыру жұмыстарының аяқталмауына дейінгі бірқатар кемшіліктер тіркелді. Сот шешімімен мердігерге жұмысты аяқтау міндеттелді.

ФАП – құжатсыз пайдалануда
Шырғанақ ауылында 2018 жылы салынған фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілгенімен, ресми қабылдау актісі болмағандықтан, ғимарат заңды түрде денсаулық сақтау жүйесіне тіркелмеген. Қабырғаларында жарық пайда болған. Мәселені шешу үшін техникалық сараптама жүргізу қажет.

«Балауса» балабақшасы – жартылай жұмыс істеп тұр
2013 жылы пайдалануға берілген 280 орындық балабақшада соңғы жылдары топырақтың қозғалуынан бір блогы жарамсыз болып қалған. Қазіргі таңда 230 бала ғана тәрбиеленіп жатыр. Жоба-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр, алайда жөндеу жұмыстары үшін қаражат бөлінбеген.

Өрт сөндіру депосының құрылысы талапқа сай емес
2025 жылға арналған автокөлікке арналған депо құрылысы бойынша бюджеттен 751 млн теңгеден астам қаражат қарастырылғанымен, құрылыс кестеден қалып келеді. Құрылыс алаңында жұмысшылар мен техникалық мамандар жоқ. Дәнекерлеу жұмыстары талаптарға сай жүргізілмей жатыр. Бақылауды күшейту қажеттігі туындап отыр.

Суару желілерін жаңғырту жобасы баяу жүруде
Кеген ауданындағы магистральдық суару арналары бойынша 8 млрд теңгеден астам сомаға жоспарланған реконструкция жұмыстарының тек 31 шақырымы ғана орындалған. Қарқара ауылынан басталатын «Мөнкебай» каналының құрылысы қаржы тапшылығына байланысты баяу жүріп жатыр. Мердігер жұмысын өз қаражаты есебінен жалғастыруда.

Депутаттар Кеген ауданындағы құрылыс нысандарында жүйелі кемшіліктер барын анықтады. Құрылыс сапасы, сметалық құжаттаманың сәйкестігі, бақылау органдарының жұмысын жетілдіру қажет. Мәслихат өкілдері бұл мәселелерді облыстық деңгейде қарастыруды және жауапты органдар тарапынан нақты шаралар қабылдауды ұсынды.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Али Хаменейдің ұлы Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы атануы мүмкін – БАҚ

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz