Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Астана – халықаралық диалог алаңы: Қазақстанға шетел көшбасшылары келеді

Осы аптада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар маңызды халықаралық іс-шараларға қатысып, шетелдік әріптестерімен келіссөздер өткізеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.05.2025
Жаңалықтар

28-29 мамыр күндері Қазақстанға Руанда Республикасының Президенті Поль Кагаме ресми сапармен келеді. Кездесу аясында екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланып, бірқатар құжаттарға қол қойылады.

28 мамырда Мемлекет басшысы Германия Федеративтік Республикасы Бундесратының төрағасы Анке Релингермен кездеседі.

Сол күндері (28-29 мамыр) елімізге Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновская-Давкова мен Хорватия Премьер-министрі Андрей Пленкович жұмыс сапарымен келеді.

29 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына (AIF) қатысып, шетелдік делегациялар жетекшілерімен, халықаралық ұйымдар мен трансұлттық компаниялар басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.

30 мамырда Қазақстанға Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони ресми сапармен келеді. Сол күні Астанада Орталық Азия мемлекеттері мен Италия арасындағы алғашқы жоғары деңгейдегі «Орталық Азия – Италия» саммиті өтеді.

31 мамырда Президент Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шараға қатысады.

Тегтер: Басты жаңалықтарқазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz