Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жаңартылатын энергия: Алматы облысы Қытаймен технологиялық әріптестікке ниетті

Қытайға жасалған іскерлік сапар аясында Алматы облысынан барған делегация фотоэлектрлік компоненттерді әзірлеу және өндіру саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі — Astronergy компаниясының өндірістік нысандарын аралады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2025
Аймақ, Алматы облысы

Сапардың негізгі мақсаты — күн энергетикасы саласындағы озық технологиялармен танысу және жаңартылатын энергия көздері бағытындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылау болды. Қазақстандық делегация өндіріс үдерісінің жоғары деңгейде автоматтандырылғанына, өнім сапасын бақылаудағы инновациялық тәсілдерге және кәсіпорынның ауқымына жоғары баға берді.

Astronergy компаниясы жоғары тиімділікке ие күн панельдерін өндіруге маманданған және «жасыл» технологиялар саласындағы заманауи шешімдерді белсенді түрде енгізіп келеді. Өндірістік желілер бойынша экскурсия барысында Алматы облысының өкілдеріне өндіріс технологиялары, өнімді сынақтан өткізу кезеңдері және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.

Сапар қорытындысында тараптар алдағы уақытта ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдіріп, оның ішінде Қазақстан аумағында технологияларды жергіліктендіру және жаңартылатын энергетика саласында тәжірибе алмасу мәселелері бойынша өзара қызығушылық танытты.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 3 мыңнан астам бала қызылшаға қарсы екпе алды

Қорлан Нұрланқызы
22.04.2026

Тоқаев Астанадағы саммитте маңызды мәселе қозғады

Қорлан Нұрланқызы
22.04.2026

Баян-Өлгейде Қазақстанның консулдығы ашылады

Қорлан Нұрланқызы
22.04.2026

Қазақстанда инватакси қызметі өзгереді: жаңа тәртіп әзірленіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
22.04.2026

Астана әкімі LRT-ның қашан іске қосылатындығын айтты

Қорлан Нұрланқызы
22.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz