Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында соңғы қоңырау: 17 917 түлек жаңа өмірге қадам басады

Алматы облысында 17 917 мектеп бітіруші үшін соңғы қоңырау соғылмақ. Бұл – түлектер үшін үлкен өмірге бастар маңызды белес, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.05.2025
Аймақ, Алматы облысы

Ұстаз үмітін арқалаған сол жас түлектердің 1 433-і «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер болса, 1 513 оқушы «Үздік аттестат» алуға ниетті.

Оқу мен тәрбиені, білім мен ізденісті, арман мен жауапкершілікті қатар арқалаған түлектер алдағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалуда. Биыл облыс бойынша 14 123 оқушы тест тапсырады.

Алматы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Диана Онбырбаеваның айтуынша, 2024–2025 оқу жылы табысты жылдардың бірі болды. Жергілікті оқушылар 17 халықаралық және 150-ге жуық республикалық білім бәйгелерінде жүлделі орындарға ие болған. Соның ішінде республика бойынша 25 оқушы – бірінші орын, 30 оқушы – екінші орын, 75 оқушы – үшінші орынды иеленген.

Жазғы демалысқа да басымдық беріледі

Бірер күнде барлық мектепте соңғы қоңырау соғылғанымен, білім беру жүйесіндегі жұмыс мұнымен тоқтамайды. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру – білім саласының маңызды бағыттарының бірі.

Диана Онбырбаеваның айтуынша, жаз мезгілінде облыста 30 лагерь жұмыс істейді. Оқушылардың 92 пайызы жазғы демалыспен және сауықтырумен қамтылмақ. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған және жекелеген санаттағы 2 017 бала мен тәрбиеленушінің демалысын ұйымдастыруға 282,3 миллион теңге бөлінген.

Сонымен қатар, «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен жалпы құны 165,6 миллион теңгені құрайтын 1 400 жолдама қарастырылған. Балалар «Тау-Жанашар», «Альтаир», «Облыстық балалар сауықтыру лагері» сынды демалыс орындарында жазғы мезгілді қызықты әрі пайдалы өткізе алады.

Алда тұрған ҰБТ, жазғы демалыс, жаңа белестер – барлығы да түлектер мен оқушылар үшін маңызды кезең. Ең бастысы – әр баланың білім жолындағы сенімді қадамы мен жарқын болашағы.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz