Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы жастары арасында пейнтболдан турнир өтті

Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы аясында Талғар ауданындағы «Арлан» пейнтбол клубында «JENIMPAZ BOL» атты жарыс өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
22.05.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алматы облысы жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметінің мәліметінше, шара жастар арасында патриоттық рухты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, ұйымшылдық пен достық қарым-қатынасты арттыру, сондай-ақ жастардың бос уақытын тиімді пайдалануды көздейді.

Турнирге облыстың құқық қорғау органдары, жас депутаттар, жұмысшы маман иелері, белсенді жастар ұйымдары, волонтерлер қатысты. Қатысушылар тек спорттық шеберліктерін ғана емес, сондай-ақ стратегиялық ойлау, бір-бірін қолдау, өзара түсіністік және командалық рух секілді маңызды қасиеттерін көрсете білді.

«Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қызықты әрі тартысты сәттерге толы болды. Әр команда өздерінің батылдығын, ептілігін және жеңіске деген жігерін көрсете отырып, турнир көрермендеріне ерекше әсер сыйлады», — дейді шара ұйымдастырушысы Алматы облысы жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Шыңғыс Мұқашев.

Шара соңында үздік ойын көрсеткен командалар жүлделі орындарға ие болып,арнайы дипломдармен ақшалай сыйлықтарға ие болды. Сондай ақ олардың спортқа деген ынтасы мен белсенділігі атап өтілді. Пейнтбол ойыны қорытындысына сәйкес, жүлделі І орын Алматы облысы полиция департаменті есірткіге қарсы іс — қимыл басқармасы қызметкерлерінен құрылған командаға бұйырды. Келесі орындардан «Талхиз» жұмысшы мамандықтар, «TALGAR CITY» волонтерлер командаларына бұйырды.

«JENIMPAZ BOL» турнирі – бұл тек ойын ғана емес, бұл жастарды отансүйгіштікке, бірлікке, жігер мен қайсарлыққа тәрбиелейтін маңызды жоба. Осындай іс-шаралар болашақта да жиі өткізіліп, жастарды салауатты әрі саналы өмір салтына бағыттай беретіні сөзсіз, — дейді ойынды өткізген мамандар.

 

Тегтер: «JENIMPAZ BOL» турнирАлматы облысының жастарыБасты жаңалықтарпейнтбол

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz