Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 1 433 түлек «Алтын белгіге» үміткер

Биыл Алматы облысында 17 917 түлек үшін соңғы қоңырау сыңғырлайды. Солардың ішінде 1 433 оқушы – «Алтын белгіге», ал 1 513 оқушы – «Үздік аттестатқа» үміткер, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2025
Аймақ, Алматы облысы

11 жылдық білім жолын аяқтап, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған түлектер үшін бұл – еңбектің жемісін көрсету сәті. 2025 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге өңір бойынша 14 123 түлек қатысады деп жоспарланып отыр.

Алматы облысының білім басқармасы 2024–2025 оқу жылының табысты аяқталғанын мәлімдеді. Облыс оқушылары 17 халықаралық, 150-ге жуық республикалық олимпиада мен байқауларда жүлделі орындарға ие болған. Атап айтқанда, 25 оқушы – 1 орын, 30-ы – 2 орын, ал 75-і – 3 орын иеленген.

Жазғы кезеңде облыс бойынша 30 балалар лагері жұмыс істейді. Бұл арқылы оқушылардың 92 пайызы демалыс және сауықтыру шараларымен қамтылмақ.

Әлеуметтік осал санаттағы 2 017 бала үшін жергілікті бюджеттен 282,3 млн теңге бөлінген. Сонымен қатар, «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 1 400 жолдамаға 165,6 млн теңге қарастырылған.

Балалар жазғы демалысын «Тау-Жанашар», «Альтаир» және облыстық басқа да лагерьлерде өткізіп, білім мен еңбекке тың қуат жинамақ.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz