Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Атом электр станциясы салынады: қандай мамандықтарға грант артады?

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов 2025 жылы техникалық мамандықтарға мемлекеттік грант саны айтарлықтай көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.05.2025
Жаңалықтар

«Қазір еңбек нарығында техникалық мамандықтарға деген сұраныс артып отыр. Осыған байланысты биыл мемлекеттік гранттардың басым бөлігі осы бағытқа бөлінеді», – деді вице-министр.

Елде атом электр станциясын (АЭС) салу жоспарына орай, ядролық физика саласында кәсіби мамандарды дайындау ісі де қолға алынған.

«АЭС құрылысына қажетті кадрлардың нақты саны анықталып жатыр. Соған сәйкес грант бөлу мәселесі қарастырылады. Бұл ретте университеттердің мүмкіндігі мен оқу бағдарламалары ескеріліп, тиісті шешім қабылданады», – деді Талғат Ешенқұлов.

Сонымен қатар, министрлік өкілі АЭС жобасы үшін жаңа университет ашу жоспарда жоқ екенін нақтылады. Оның айтуынша, елімізде техникалық бағытта оқытатын және ядролық физика мамандарын дайындауға қабілетті жоғары оқу орындары бар.

– «Шешім әр университеттің инфрақұрылымдық әлеуеті мен білім беру сапасына қарай қабылданады», – деп түсіндірді вице-министр.

2025 оқу жылына арналған мемлекеттік білім грантына құжат қабылдау мерзімі де нақтыланды:

  • 13–20 шілде аралығында – талапкерлерден өтініш қабылданады;

  • 10 тамызға дейін – грант иегерлерінің тізімі жарияланады.

Тегтер: грантқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz