Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Туристер қауіпсіздігі — басты назарда: Алматы облысында цифрлық бақылау жүйелері енгізілді

Алматы облысында жазғы туристік маусымға дайындық аяқталуға жақын. Биыл демалушылардың қауіпсіздігі мен цифрлық технологияларды енгізуге ерекше мән беріліп отыр, деп хабарлайды .alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.05.2025
Аймақ, Алматы облысы

Биыл өңірде 120 ресми жағажай толық жабдықталып, демалыс аймақтары күшейтілген бақылауға алынған. Құтқару қызметі тәулік бойы кезекшілік етеді, хабарлау жүйелері тұрақты жұмыс істейді. Ең басты жаңалық — жағажайларда алғаш рет жасанды интеллектпен жабдықталған бейнебақылау камералары орнатылды.

Бұл заманауи жүйелер су айдындарындағы күмәнді немесе қауіпті әрекеттерді автоматты түрде анықтай алады. Мәселен, адам шектен тыс қашықтыққа жүзіп кетсе немесе суда тепе-теңдігін жоғалтса, жүйе дереу белгі береді.

Камералардан түсетін барлық мәлімет нақты уақытта Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел әрекет ету орталығына жіберіледі. Бұл өз кезегінде жедел шешім қабылдауға және қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Облыстық туризм басқармасының басшысы Қуаныш Мирамбекұлының айтуынша, өткен жылы Қонаев қаласы мен оның айналасына 1,5 миллионнан астам турист келген. Биыл бұл көрсеткіш 2 миллионнан асуы мүмкін.

«Біз туристік инфрақұрылымды дамытып, цифрлық шешімдерді белсенді енгізіп келеміз. Демалушыларға жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру – басты міндетіміз», – деді басқарма басшысы.

Қапшағай су қоймасы бұрынғысынша өңірдің негізгі демалыс орындарының бірі болып қала береді. Енді бұл аймақта заманауи қауіпсіздік жүйелері мен жоғары сапалы қызмет ұсынылатын болады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Студенты Алматинской области голосуют за будущее

Николай Иващенко
04.03.2026

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz