Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында $1 млрд шетелдік инвестициямен индустриялық аймақ дамып жатыр.

Алматы облысының Талғар ауданында еліміздегі ірі индустриялық жобалардың бірі — «Қайрат» индустриялық аймағының кеңейтілген құрылысы басталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.05.2025
Аймақ, Алматы облысы

Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жедел индустрияландыру, өндірістік кластерлерді дамыту және тікелей инвестиция тарту жөніндегі тапсырмалары аясында іске асырылуда.

Ауқымды жоба әлемдегі ең ірі құрылыс корпорацияларының бірі — China State Construction Engineering Corporation (CSCEC) компаниясымен әріптестікте жүзеге асырылып отыр. 177 гектар аумақта 20-дан астам өндіріс орнын орналастыру көзделген. Жалпы инвестиция көлемі 1 миллиард АҚШ долларын құрайды. Бұл — бір мезгілде осыншама қаржы мен кәсіпорынды тартуға қол жеткізген Қазақстандағы бірегей индустриялық аймақ.

Жобаның басты ерекшелігі — ішкі инженерлік инфрақұрылым толығымен инвесторлар есебінен жүргізілсе, сыртқы желілерді тарту облыс әкімдігінің құзырында. Мұндай тәсіл мемлекеттік бюджетті айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді.

CSCEC ресми өкілі Чэнь Сяоюньнің айтуынша, құрылыс мамыр айында басталған. Жоба аясында өндірістік және логистикалық кешендер, саябақтар, дата-орталықтар, әкімшілік ғимараттар мен қонақүйлер бой көтермек. Құрылысты үш жыл ішінде толық аяқтау жоспарланған. Қазіргі таңда іске 20 компания тартылған.

Жобаның маңызды бағыттарының бірі — Geely автоконцернінің қатысуымен машина жасау кластерін қалыптастыру. Автоқұрауыштар мен тораптар жергілікті деңгейде өндірілмек. Бұл қадам отандық автокөлік өнеркәсібіне жаңа серпін береді.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, «Қайрат» жобасы — Президент айқындаған стратегиялық міндеттермен толық үндес. Бұл платформа жаңа жұмыс орындарын құруға, экспортты арттыруға және тұрақты экономикалық өсімге негіз болмақ.

Бүгінде «Қайрат» индустриялық аймағында бірнеше зауыт табысты жұмыс істеп жатыр:

  • ТехноНИКОЛЬ Орталық Азия – жылу оқшаулағыш материалдар;

  • Safa Industrial – құйма өнімдер;

  • QazMetProduct – метиз бұйымдары;

  • SUNLONG – тау-кен саласына арналған компоненттер;

  • Hong Shun – сұйық шыны өндіру.

Қазіргі таңда жалпы инвестиция көлемі 146,7 млрд теңгеден асып, 3600-ден астам жаңа жұмыс орныашылған.

Индустриялық аймақтың басшысы Ербол Шокаев:

«Қайрат – бұл жай ғана өндіріс алаңы емес, толыққанды индустриялық экожүйе. Біз инвесторларға барлық қажетті қолдауды ұсынып, жобаларды жедел жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасап отырмыз», – дейді.

Бұл бастама жалпы аумағы 1786,7 гектарды құрайтын Алматы облысындағы алты индустриялық аймақты дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар, 96,6 мың гектарға жайғасқан «Алатау» арнайы экономикалық аймағын дамыту жұмыстары жалғасуда. Мұнда 3,7 триллион теңге инвестиция тартылып, 34 мың жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Студенты Алматинской области голосуют за будущее

Николай Иващенко
04.03.2026

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz